Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының "Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2022 жылғы 2 ақпандағы № 85/17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26854 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Ташенев |
| Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 221/38 шешіміне қосымша |
Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет,
спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен
коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу
бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің Қағидасы мен мөлшері
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және Ақтоғай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі -мамандар).
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ағымдағы шот-банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк шоты шартының негізінде ашатын банк шоты;
2) Коммуналдық қызметтер-тұрудың (болудың) қауіпсіз және жайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін тұтынушыға сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты жоюды, лифттерге қызмет көрсетуді қамтитын көрсетілетін қызметтер;
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырылады (бұдан әрі - ММ).
2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен мамандардан өтініштер талап етілмей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер (бұдан әрі - тізім), екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда.
5. Күнтізбелік жылда бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына арналған Ақтоғай ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.
