Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы "Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 241/3 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5928 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Бейсекин |
