ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы | |
| Н. Макраев |
| Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 310/39 шешіміне қосымша |
Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 302/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6138 болып тіркелген).
2. "Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы "Екібастұз қаласы және Екібастұз қаласының ауылдық аймағы бойынша базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" № 302/35 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 498/64 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7188 болып тіркелген).
3. "Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 499/64 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7192 болып тіркелген).
