Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 241/27 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 желтоқсанда № 37752 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы
      И. Теренченко

  Павлодар облыстық
мәслихатының
2025 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 241/27 Шешіміне
қосымша

Павлодар облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6604 болып тіркелген);

      2. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 8 маусымдағы № 44/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23143 болып тіркелген);

      3. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 147/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27645 болып тіркелген);

      4. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 197/16 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29665 болып тіркелген);

      5. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 8 қарашадағы № 418/35 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2024 жылғы 11 шілдедегі № 133/14 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573-14 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады