"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің "Инватакси қызметін алушылардың санатының кеңейту туралы" 2022 жылғы 12 қазандағы № 318 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30171 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданының әкімі | К. Муржакупов |