Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 262 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 19 қарашада № 37441 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің "Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 69 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жітіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е. Мендыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады