Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 360 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 желтоқсанда № 37557 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Лисаков қаласы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 109 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7698 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады