Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 252 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 қыркүйекте № 36818 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 8 қыркүйектегі
  № 252 қаулысына
  қосымша

Қостанай облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 болып тіркелген).

      2. "Әкімдіктің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 220 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8489 болып тіркелген).

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 299 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген).

      4. "Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 шілдедегі № 297 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244-10 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады