Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 155 және Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 49/422 бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3027 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай, Кендірлі ауылдарының шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы";
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірлескен қаулы және шешімге 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес Жаңаөзен қаласының Теңге, Рахат, Қызылсай, Кендірлі ауылдарының шекаралары (шегі) белгіленсін және өзгертілсін.";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге 2 қосымша осы бірлескен қаулы және шешімге 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен қаулы және шешімге 2 қосымшаға сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қаласының әкімі | Ж. Қайнарбаев |
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |
Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы шекарасының схемалық картасы

Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы жерлерінің экспликациясы
Әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларында барлығы беріледі, гектар | оның ішінде: | |||
егістік | шабындық | жайылым | басқа алқаптар | |
2350,5773 | - | - | 1527,87 | 822,7073 |
Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылы шекарасының схемалық картасы

Жаңаөзен қаласының Кендірлі ауылы жерлерінің экспликациясы
Әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларында барлығы беріледі, гектар | оның ішінде: | |||
егістік | шабындық | жайылым | басқа алқаптар | |
2427,0 | - | - | 825,0 | 1602,0 |
