"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңаөзен қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы" Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 14/113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4683-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ 2026 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
| Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы | Г. Байжанов |
