Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 03 шілдедегі № 165 "Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 322 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 желтоқсанда № 37602 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 "Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6622-09 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары:

      4- тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті тұрғын үй жалдаған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады жеке тұрғын үй қорындағы атқарушы орган, көрсетілетін қызметті алушылардың шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.".

      2. "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады