Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 "Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 тамыздағы № 292 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36707 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2024 жылғы 3 шілдедегі № 165 "Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6622-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарағанды қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары";

      5-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында бекітілген нормалар шегінде есептейді."

      9-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

      "9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықталады.";

      2. "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі" мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады