ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 105 "Сәтбаев қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 105-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы | К. Балмагамбетов |
