"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жамбыл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 04 ақпандағы № 29-2 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 2122 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның ұлттық мәдениетті, ұлтаралық және азаматтық келісім, білім және адам құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін;
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихат төрағасы | М. Шайдаев |