Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 31-652/VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 қаңтарда № 37910 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2- тармақтан караңыз.

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 13-243/VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №237-18 болып тіркелген) Үржар аудандық мәслихатының шешімі;

      2) "Үржар ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы" 2024 жылғы 25 қарашадағы № 20-384/VIII (Номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 378-18 болып тіркелген) Үржар аудандық мәслихатының шешімі.

      2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Үржар аудандық мәслихатының төрағасы
      А. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады