Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 19/356-VIII "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 24/430-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 447-18 болып тіркелді

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 19/356-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 399-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      " 5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады