Аягөз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қазандағы № 29/494-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 қазанда № 37170 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай облысының Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:  

      1. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 349-18 болып тіркелген) мәслихат шешімі;

      2) Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIІІ "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2025 жылғы 31 наурыздағы № 23/424-VIІІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 437-18 болып тіркелген) мәслихат шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады