Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Абай облысының Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 349-18 болып тіркелген) мәслихат шешімі;
2) Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 қыркүйектегі № 15/290-VIІІ "Аягөз ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2025 жылғы 31 наурыздағы № 23/424-VIІІ (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 437-18 болып тіркелген) мәслихат шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | |
| А. Ибрайшин |