Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №10/54-VII "Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 28/186-VIII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 шiлдеде № 36372 болып тіркелді

      Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/54-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30701 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларының 3-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1). Ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері";

      6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Жануарларды ұстау қызметі процесінде туындайтын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға тиіс.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ш. БАЙБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады