Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 249 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 30 мамырда № 6237-05 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының19-бабының 2-1 тармағынасәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасай ауданы аумағында жолаушылардыәлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесідей болып белгіленсін:

      1) Электронды төлеу жүйесі, ұялы байланыс құралдары, көлік карталары немесе екінші деңгейдегі банк карталары арқылы төлеу кезінде:

      ересектерге - 120 (жүз жиырма) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге- 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;

      2) Қолма - қол ақшамен төлеу кезінде:

      ересектерге 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде;

      жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге - 100 (жүз) теңге мөлшерінде.

      2. Қарасай ауданы әкімдігінің 2023жылғы 26 қаңтардағы № 40 "Қарасай ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5968-05 болып тіркелген)қаулысының күші жойылсын.

      3. Қарасай аудандық мәслихатының сессиясына аудан әкімдігінің қаулысы келісуге ұсынылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Р. Атчабаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады