Қонаев қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 320 бірлескен қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы № 42-237 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1-тармағына және Республикалық ономастикалық комиссияның 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Алматы облысының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қонаев қаласының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Атауы жоқ көшесі (1-ші линия) – "Әбдіқадыр Нұрмағанбетов" көшесі;

      Атауы жоқ көшесі (2-ші линия) – "Ақбай Әлібаев" көшесі;

      Атауы жоқ көшесі (3-ші линия) – "Жақыпжан Шарипов" көшесі;

      Атауы жоқ көшесі (4-ші линия) – "Сүндетбай Балхашев" көшесі;

      Атауы жоқ көшесі (6-шы линия) – "Жұмабек Жақыпов" көшесі;

      Атауы жоқ көшесі (8-ші линия) – "Әукен Жылқыбаев" көшесі.

      2. "Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасы", "Қонаев қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемелері осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысынан және Алматы облысы мәслихатының шешімінен туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысының және Алматы облысы мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы және Алматы облысы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі __________ М. Сұлтангазиев
      Алматы облыстық мәслихат төрағасы __________ Қ. Байғоджаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады