Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 маусымдағы № 180 "Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8590-04 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен айқындалған Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:
9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
М. Дауылбаев |