"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28467 тіркелген) Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Суентаева |