Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 8 мамырдағы № 8С-42-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 мамырда № 8933-03 болып тіркелді

      Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жақсы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 7ВС-2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8334 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      2, 6, 7, 9, 16, 17, 29-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А.

      6. Алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2.

      7. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойымен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін.

      9. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін.

      16. Алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174.

      17. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін.

      29. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Орталық көшесі бойымен Горький көшесінің қиылысына дейін.";

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:

      4-тармақтың 2), 6), 7), 9), 16), 17), 29) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында орналасқан алаң, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 А, шекті толу нормасы 150 адам;

      6) алаң, Беловод ауылы, Амангелді Иманов көшесі, 2, шекті толу нормасы 60 адам;

      7) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Беловод ауылы, Мәншүк Мәметова көшесі бойымен Амангелді Иманов көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 60 адам;

      9) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жаңа Қийма ауылы, М.Маметова көшесі бойымен Жеңіс көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 80 адам;

      16) алаң, Киев ауылы, Абай көшесі, 174, шекті толу нормасы 70 адам;

      17) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Киев ауылы, Целинная және Парковая көшелерінің қиылысынан Абай көшесі бойынша орналасқан алаңға дейін, шекті толу нормасы 70 адам;

      29) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Чапай ауылы, Орталық көшесі бойымен Горький көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.";

      көрсетілген шешімнің 3-қосымшасында:

      тақырып жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жақсы ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы А.Бралина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады