"Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Астана қаласының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Астана қаласында спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 112-754 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қатені түзеу

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 112-4655 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37508 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Астана қаласының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ Астана қаласында спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 112-754 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1406-01 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады