"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жасырын және бейресми қызметті есепке алумен негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемін анықтау бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 198 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16150 болып тіркелген)күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыныңинтернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |