Балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидаларын және нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 480 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда № 37646 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-82) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына 1-қосымша

Балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы балықшы және қорықшы куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-82) тармақшасына сәйкес әзірленді және балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) балықшы – бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды өзінің еңбек міндеттемелеріне байланысты жүзеге асыратын балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері (бұдан әрі – балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері);

      2) балықшы куәлігі – балық шаруашылығы субъектісі берген, жеке тұлғаның балықшы функцияларын жүзеге асыру құқығын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат;

      3) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      4) қорықшы – бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамы (бұдан әрі – қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамы);

      5) қорықшы куәлігі – қорықшының құқығын куәландыратын, белгіленген нысандағы құжат.

2-тарау. Балықшы және қорықшы куәлігін беру тәртібі

      3. Балық шаруашылығы субъектісі балықшының куәлігін және қорықшы куәлігін қорық қызметінің арнайы уәкілетті тұлғаларына немесе балық шаруашылығы субъектісінің қызметкерлеріне еңбек шартының қолданылу мерзіміне сәйкес береді.

      4. Балық шаруашылығы субъектісі қағаз түрінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балықшылар куәліктерінің тізілімін, сондай-ақ Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорықшылар куәліктерінің тізілімін жүргізеді.

      5. Балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері балықшы куәлігінің сақталуын және оның үнемі өзімен бірге болуын және қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамы қорықшы куәлігінің сақталуын және еңбек міндеттерін орындау кезінде оның үнемі өзімен бірге болуын қамтамасыз етеді.

      6. Куәлік жоғалған, бүлінген не аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген жағдайда, балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскері балық шаруашылығы субъектісіне Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      7. Ескі куәлік тиісті акт жасала отырып есептен шығару және жою үшін балық шаруашылығы субъектісіне қайтарылуға тиіс.

      8. Жаңа куәлікті ресімдеу кезеңінде балық шаруашылығы субъектісі балық шаруашылығы субъектісінің жұмыскеріне және қорық қызметінің арнайы уәкілетті адамына жаңа куәлік алғанға дейін, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге жарамды анықтама береді.

      9. Куәлік жоғалған жағдайда, балық шаруашылығы субъектісі өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында куәлікті жарамсыз деп тану туралы хабарландыру жариялау жөнінде шаралар қабылдайды.

      10. Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда балық шаруашылығы субъектісі өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде жаңа куәлікті рәсімдейді және береді.

      11. Жарамсыз деп танылған куәліктер, сондай-ақ жарамсыз болған (бүлінген) куәліктер еркін нысанда жою туралы акт жасала отырып, жойылуға тиіс.

  Балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Балықшылар куәлiктерінің тізілімі

Балықшының аты, әкесiнiң аты
(бар болса), тегі

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Балықшы куәлiгiнiң нөмiрi

Балықшы куәлігін балықшы куәлігінің төлнұсқасын беру / ауыстыру

Балықшы куәлігінің немесе балықшы куәлігінің төлнұсқасының берілген/ауыстырылған күні

1

2

3

4

5

6







  Балықшы және қорықшы
  куәлiктерін беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Қорықшылар куәлiктерінің тізілімі

Қорықшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі

Тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы

Қорықшы куәлiгiнiң нөмiрi

Қорықшы куәлігін немесе төлнұсқасын беру / ауыстыру

Қорықшы куәлігін немесе төлнұсқасы берілген/ауыстырылған күні

1

2

3

4

5

6







  Балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  _______________________
басшысына
(балық шаруашылығы
субъектісінің атауы)

Өтініш жоғалған, бүлінген, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген кезде

      Тегі ____________________________

      Аты ________________ Әкесінің аты (бар болса) ___________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________

      Тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны ______________________________

      Маған _______________________________________ берген №________

      (берілген күні және балық шаруашылығы субъектісінің атауы) балықшы/қорықшы

      куәлігінің төлнұсқасын беруіңізді сұраймын

      ______________________________________________ / ________________/

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына 2-қосымша

      Нысан

Балықшы куәлігінің нысаны

      Балықшы куәлiгiнiң мұқабасы (өлшемі 105х80 миллиметр, түсi көк, қою сары түстi жазу қысып басу әдiсiмен жасалады)


Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан
Балықшы куәлігі
Удостоверение рыбака

      Балықшы куәлігінің ішкі беті

________________________________________
балық шаруашылығы субъектісінің атауы/
наименование субъекта рыбного хозяйства
№ ____ балықшы куәлiгi/Удостоверение рыбака №




_______________________________
(балықшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Туған күні жылғы "___" ________ /
Дата рождения "__" _________ года
Балықшы өтiлi _____ жылдан бастап _____ жыл /Стаж рыбака ___ лет, с ________ года
Куәлiктi берген/Удостоверение выдано__________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы)/ (наименование субъекта рыбного хозяйства)
________________________________
(куәлiктi берген адамның қолы, тегі, аты-жөні)(бар болса)/(подпись лица, выдавшего удостоверение, фамилия, инициалы)


Берілген күні 20__жылғы "__"____________. 20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды /
Дата выдачи "__" ______ 20__года. Действительно до "__"______ 20__ года

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына 3-қосымша

      Нысан

Қорықшы куәлігінің нысаны

      Қорықшы куәлiгiнiң мұқабасы (өлшемі 95х66 миллиметр, түсi қызыл, жазуы алтын түстес, ішкі жағының тысы көгілдір түсті, баспаханалық тәсілмен жасалады)


Қазақстан Республикасы
Республика Казахстан
Қорықшы куәлігі
Удостоверение егеря

      Қорықшы куәлігінің iшкi бетi

________________________________________
балық шаруашылығы субъектісінің атауы/
наименование субъекта рыбного хозяйства
№ ____ қорықшы куәлiгi/Удостоверение егеря №




_______________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Туған күні жылғы "__"_________ жылғы/
Дата рождения "___" _________ года
Куәлiктi берген /Удостоверение
выдано________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің
атауы)/(наименование субъекта
рыбного хозяйства)
________________________________
(куәлiктi берген адамның қолы, тегі,
аты-жөні)(бар болса)/(подпись лица,
выдавшего удостоверение, фамилия, инициалы)


Берілген күні 20__жылғы "__"____________. 20__жылғы "__"__________ дейiн жарамды /
Дата выдачи "__" ______ 20__года. Действительно до "__"______ 20__ года

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 480 бұйрығына 4-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16463 болып тіркелген).

      2. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 18 маусымдағы № 149 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20878 болып тіркелген).

      3. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 221 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28499 болып тіркелген).

      4. "Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 678 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30357 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады