"Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 490-н/қ және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 574 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 желтоқсанда № 37604 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17096 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделгеніс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________Е. Аккенженов
      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушысы
__________Г. Кобенова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін
атқарушысы
2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 574 мен
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 17 желтоқсандағы
№ 490-н/қ Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде өндіру үшін шеккен шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектерді өндіру кезеңінде алдыңғы жылдың қорытындылары бойынша шеккен өндіру шығындарының бір пайызы мөлшерінде айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркеліп-белгіленген жаңа білім немесе шешімдер, сондай-ақ өндіріске ендірілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялар, жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;

      2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

      3) ғылыми-зерттеу жұмысы – қолда бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын анықтау, жобаларды ғылыми жалпылау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;

      4) ғылыми зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістер мен құралдармен жүзеге асыратын іргелі, қолданбалы, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      5) ғылыми қызмет – зерттелетін объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән қасиеттерді, ерекшеліктер мен заңдылықтарды анықтау және алған білімдерін практикада пайдалану мақсатында қоршаған шындықты зерделеуге бағытталған қызмет;

      6) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық, әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника және өндіріс салаларында жаңа білім алуға және оны қолдануға, нәтижелерді коммерцияландыруды және осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;

      7) ғылым саласындағы уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені.

      Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы заңнамасында пайдаланылатын ұғымдарға сәйкес келеді.

      3. Жер қойнауын пайдаланушы екінші жылдан бастап өндірудің барлық кезеңі ішінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жыл сайынғы аударымдарды өткен жылдың қорытындылары бойынша өндіруге жұмсалған шығындардың бір пайызы мөлшерінде жүзеге асырады.

      4. Егер жүргізілген аударымдардың сомасы өткен жылдың қорытындылары бойынша өндіруге жұмсалған шығындардың бір пайызынан асқан жағдайда, оның бір бөлігінен асатын бөлігі келесі жылы көрсетілген аударымдарды жүзеге асыру жөніндегі жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындау есебіне есептеледі.

      5. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға аударымдар міндеттемелерін есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының өткен жылдың қорытындылары бойынша шеккен өндіру шығындарын айқындау Кодекстің 132-бабына сәйкес бекітетін тәртіппен жер қойнауын пайдаланушылар өндіру саласындағы уәкілетті органға ұсынатын көмірсутектерді өндіру саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиялық-келісімшарттық шарттардың орындалуы туралы есептің деректері негізінде жүзеге асырылады

2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелері

      6. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға қаражатын аударуы өткен жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектерді өндіру кезеңінде шеккен өндіру шығындарының бір пайызы мөлшерінде республикалық бюджетке жүзеге асырылады.

      Алдыңғы жылы жер қойнауын пайдаланушының өндіруге жұмсаған шығындарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға ақша қаражатын аудару есепті жылдан кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді орындау деп жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджетке іс жүзінде жүзеге асырған ақшалай аударымдары танылады. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен тікелей шарттық қатынастарын, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дербес орындауын қоса алғанда, қаржыландырудың өзге де нысандары осы Қағидалармен белгіленген тәртәпте Кодекстің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттемелердің тиісінше орындалуы деп танылмайды.

      8. Жер қойнауын пайдаланушының ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ресімделген бюджетке аударымдар міндеттемелерінің барлық сомасының аударылғанын растайтын төлем тапсырмасы болып табылады.

3-тарау. Көмірсутектерді өндіру кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібі

      9. "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес құрылатын уәкілетті органның Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі – ҒТК) бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым және мамандандырылған бағыттарының тізбесін қалыптастырады, сондай-ақ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмалардың жобаларын қарайды және келіседі.

      10. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген Ғылыми-техникалық тапсырмаларды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 45-тармағына сәйкес ғылым саласындағы уәкілетті органға жібереді (бұдан әрі – Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары).

      11. Жер қойнауын пайдаланушылардан түскен ақшалай қаражат Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 4-тарауында көзделген тәртіппен уәкілетті органның ҒТК келіскен ғылыми-техникалық тапсырмалар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыруға пайдалануға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады