ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау, бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 135 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 30 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 мамырда № 18616 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы";
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар);
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды және гидротехникалық құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты, сондай-ақ аттестатталған ұйымдардың гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына қатысты тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарына қатысты тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды және гидротехникалық құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты, сондай-ақ аттестатталған ұйымдардың гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына қатысты тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілеріне, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарына қатысты тексеру парағы бекітілсін.";
1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалары осы бірлескен бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 3-қосымшасының 19 және 25-тармақтарын, аталған бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасының 19 және 25-тармақтарын қоспағанда, осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 пен 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, Қазакстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың бағалау және басқару жүйесін, тексеру парағының нысандарын қалыптастыру қағидаларына cәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) болмашы бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғы шарттарын тудырмайтын, бірақ қызметін жүзеге асыру барысында жеке және заңды тұлғалармен орындауы міндетті болып табылатын талаптарды бұзу;
3) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
4) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
5) елеулі бұзушылықтар – Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіру алғышарттарын тудыратын бұзушылықтар;
6) көпфакторлы зерттеп-қарау – көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, олардың элементтерінің қалған ресурсын айқындау;
7) Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел – халықтың сумен қамтамасыз етілуінің төмендеу ықтималдығы, су объектілерінің ластануының, бітелуінің және сарқылуының туындауы, су пайдаланушылардың бөлінген лимиттерге сәйкес су ресурстарын алуға құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ су пайдаланушылардың қызметі нәтижесінде елді мекендерге судың зиянды әсері, өндіріске келісімдердің болмауы су объектілерінде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыс істеу, гидротехникалық құрылысжайларда адам шығынына, оның зардаптарының ауырлығын ескере отырып, адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін төтенше жағдайлардың туындауы мен алдын алу;
8) өрескел бұзушылықтар – орындалмауы халықтың өміріне және денсаулығына, қоршаған ортаға, су ресурстарының тапшылығына және (немесе) олардың сапасыздығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіндегі теріс өзгерістерге, материалдық залалға қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу, сондай-ақ тыйым салатын заңнама нормаларын сақтамауға байланысты бұзушылықтар;
9) судың жай-күйіне теріс әсер ететін объектілер – пайдаланылуы судың ластануына және (немесе) қоқыстануына және (немесе) сарқылуына және (немесе) оған зиянды әсер етуге алып келуі мүмкін ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар және құрылғылар;
10) су режимі – жерүсті және жерасты сулары деңгейлерінің, шығыстарының және көлемінің уақыт бойынша табиғи немесе жасанды өзгеруі;
11) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы – өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері.
12) су шаруашылығы құрылысжайлары – суды алуға, тазартуға, сақтауға, таратуға және дренаждық суларды бұруға арналған құрылысжайлар мен құрылғылар;
13) судың жай-күйіне теріс әсер ететін объектілер – пайдаланылуы судың ластануына және (немесе) қоқыстануына және (немесе) сарқылуына және (немесе) оған зиянды әсер етуге алып келуі мүмкін ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар және құрылғылар;
14) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бұл ретте тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік бостандығын шектеудің ең төменгі мүмкін дәрежесі мақсатында бақылау мен қадағалау субъектісіне барумен профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін және (немесе) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер (бұдан әрі – рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру) бақылау мен қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын төмендетуге бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдау процесі қызметтің тиісті салаларында, сондай-ақ нақты бақылау мен қадағалау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге және (немесе) бақылау мен қадағалау субъектісіне бару және (немесе) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру арқылы осындай бақылау мен қадағалау субъектісін профилактикалық бақылаудан босатуға бағытталған;
15) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау мен қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға әсер ететін факторларға байланысты, бақылау мен қадағалау субъектілерін тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
16) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне қарай бақылау мен қадағалау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау мен қадағалау субъектісіне тікелей тәуелді болмайтын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
17) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі-субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау мен қадағалау субъектісі қызметінің нәтижелеріне қарай бақылау мен қадағалау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
18) тексеру парағы – оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптардың тізбесі;
19) іріктеме жиынтығы (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласындағы бақылау субъектілерінің біртекті тобына жататын бағаланатын субъектілердің тізбесі.
2-тарау. Реттеуші мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді рұқсат беру талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) рұқсат беру талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультикритериалдық талдау) арқылы қалыптастырылады.
Бірінші кезеңде объективті өлшемшарттар бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Екінші кезеңде субъективті өлшемшарттар бойынша бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызылады:
1) жоғары тәуекел;
2) орташа тәуекел;
3) төмен тәуекел.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау мен қадағалау субъектісі (объектісі):
1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;
2) тәуекелдің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;
3) тәуекелдің төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ға дейін қоса алғанда.
4.Рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу және бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
5.Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі жылына бір рет құрайды.
Тәуекелдің орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі екі жылда бір рет құрайды.
Тәуекел дәрежесінің төмендігіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері) қызметінің салалары үшін рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізудің жиілігі үш жылда бір рет құрайды.
3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары
6. Объективті өлшемшарттар бойынша барлық бақылау мен қадағалау субъектілері су объектілерінің стратегиялық маңыздылығына және су алу көлеміне қарай тәуекелдің үш дәрежесі бойынша бөлінеді:
1) тәуекелдің жоғары дәрежесі – бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері):
шаруашылық қызметті су қорғау аймақтары мен белдеулер шегінде, ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінде, орташа және шағын су объектілерінде, сулы-батпақты алқаптарда, трансшеқаралық, жерасты су объектілерінде және минералды және термоминералды жерасты суларында жүзеге асырады;
ерекше стратегиялық маңызы бар стратегиялық су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлар тізбесіне жатқызылған объектілерді пайдаланады;
төтенше жағдайлар кезінде ықтимал қауіптілігі бар I, II, III, сондай-ақ IV класты гидротехникалық құрылысжайларды пайдаланады;
қауіптілігі ықтимал құрылысжайларға жатқызылған гидротехникалық құрылысжайларды пайдаланады;
жер үсті және жер асты суларын тәулігіне 100 және одан да көп текше метрден алуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады;
2) тәуекелдің орташа дәрежесі – бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері):
шаруашылық қызметті су қорғау аймақтары мен белдеулер шегінде, су объектілерінде жүзеге асырады;
ерекше стратегиялық маңызы бар стратегиялық су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлар тізбесіне жатқызылмаған объектілерді пайдаланады;
төтенше жағдайлар кезінде ықтимал қауіп төндірмейтін IV класты гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану;
тәулігіне 50-ден 100 текше метрге дейінгі жер үсті және жер асты суларын алуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады;
3) тәуекелдің төмен дәрежесі – бақылау мен қадағалау субъектілері (объектілері):
шаруашылық қызметті су қорғау аймақтары мен белдеулер шегінде, су объектілерінде жүзеге асырады;
ерекше стратегиялық маңызы бар стратегиялық су шаруашылығы және гидротехникалық құрылысжайлар тізбесіне жатқызылмаған объектілерді пайдаланады;
тәулігіне 50 текше метрге дейін жер үсті және жер асты суларын алуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырады.
7. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары және орташа дәрежесіне жатқызылған бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып профилактикалық бақылау, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар және жоспардан тыс тексеру қолданылады.
Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
8. Жүргізілген алдыңғы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына барумен және (немесе) сәйкестігін тексерумен оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
9. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде бақылау мен қадағалау субъектісіне бару және (немесе) рұқсат беру талаптарына сәйкестігі арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау мен қадағалау субъектілері санының ең төменгі жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.
4-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары
10. Субъективті өлшемшарттарды анықтау келесі кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.
11. Бақылау және қадағалау субъектілерін анықтау үшін мәліметтер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау қажет.
12. Бақылау және қадағалау субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру кезінде тәуекел дәрежесін бағалау үшін бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) барумен алдыңғы тексерулердің, профилактикалық бақылаудың нәтижелері пайдаланылады.
13. Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру кестесін қалыптастыру кезінде тәуекел дәрежесін бағалау үшін алдыңғы тексерулердің нәтижелері пайдаланылады.
14. Субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттардың 12- және 13-тармақтарында анықталған ақпарат көздер негізінде осы Өлшемшарттарға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
15. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын және осы Қағидалардың 5-тарауында айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар көрсеткішінің маңыздылығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Субъективті өлшемшарттардың көрсеткіштері мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің маңыздылығы бойынша үлес салмағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) әрбір біртекті тобы үшін тәуекелді бағалаудағы көрсеткіштің маңыздылығына байланысты айқындалады. Субъективті өлшемшарттар көрсеткіштерінің жол берілетін мәндері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен регламенттеледі.
5-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін есептеу тәртібі
16. Бақылау мен қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу бақылау мен қадағалау субъектілеріне (SP) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін және субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (SC) қорытындылау жолымен автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады, кейіннен деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіреді.
Rпром = SP + SC, онда
Rпром-субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
ЅР-бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC-осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау мен қадағалау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау мен қадағалау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жататын бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктемелі жиынтықты (іріктемені) құрайды.
17. Бақылау мен қадағалау субъектілеріне бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.
Осы Өлшемшарттардың 12, 13-тармақтарында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100 балл теңестіріледі және оған қатысты бақылау мен қадағалау субъектісіне барумен профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
ЅРз = (ЅР2 х 100/ЅР1) х 0,7, мұндағы:
ЅРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың қажетті саны;
ЅР2-анықталған елеулі бұзушылықтар саны;
Болмашы бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады.
Бұл көрсеткіш келесі формула бойынша есептеледі:
ЅРн = (ЅР2 х 100/ЅР1) х 0,3, мұндағы:
ЅРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅР1- болмашы бұзушылықтардың қажетті саны;
ЅР2- анықталған болмашы бұзушылықтар саны;
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (ЅР) 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтар көрсеткіштерін жинақтау жолымен айқындалады:
ЅР = ЅРз + ЅРн, мұндағы:
ЅР - бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші;
ЅРз - елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
ЅРн - болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
18. Осы Өлшемшарттардың 15-тармағында сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 баллға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

хi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
Wi- субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы хi,
n - көрсеткіштер саны.
Осы Өлшемшарттардың 12 және 13-тармақтарында сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
19.R көрсеткіші бойынша субъектілер бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формуланы пайдалана отырып жүзеге асырылады:

R – жеке бақылау мен қадағалау субъектісінің субъективті өлшемшарттары бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең жоғары мән (шкаланың жоғарғы шекарасы),
Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі шкаласы бойынша мүмкін болатын ең төменгі мән (шкаланың төменгі шекарасы),
Rпром – осы Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
6-тарау. Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бұзылуы жедел ден қою шаралары
20. Осы Өлшемшарттар шеңберінде колданылатын жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту – 60 күнге дейін;
2) арнаулы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру - 45 күнге дейін;
3) арнаулы су пайдалануға рұқсаттан айыру – 60 күнге дейін.
21. Су пайдаланудың рұқсат етілген көлемін азайту түріндегі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаның 23, 24, 25, 26, 27, 28- тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар болып табылады.
22. Арнаулы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаның 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20-тармақшаларында көрсетілген бұзушылықтар болып табылады.
23. Арнаулы су пайдалануға рұқсаттан айыру түріндегі жедел ден қою шарасын қолдануға негіз осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаның 21-тармағында көрсетілген бұзушылық болып табылады.
| Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды және гидротехникалық құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау үшін, сондай-ақ аттестатталған ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласындағы жұмыстар жүргізу құқығына қатысты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
| Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарына қатысты барумен профилактикалық бақылау үшін Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
| Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымша |
Су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды, сондай-ақ су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі, сондай-ақ аттестатталған ұйымдарды гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына қатысты
| Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану, саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына 4-қосымша |
Берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру үшін су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Талаптар | Бұзушылық дәрежесі |
1 | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттардың жобаларын келісу шарттарын сақтамау | Өрескел |
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды және гидротехникалық құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты, сондай-ақ аттестатталған ұйымдардың гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес тексеру парағы
___________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт____________________
(№, күні)
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы__________________________________________________
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау мен қадағалау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес тексеру парағы
___________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_______________________
(№, күні)
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)
атауы______________________________________________________________
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су ресурстарын алуды және (немесе) пайдалануды және гидротехникалық құрылысжайларын пайдалануды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне қатысты, сондай-ақ аттестатталған ұйымдардың гидротехникалық құрылысжайлардың қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес тексеру парағы
___________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_______________________
(№, күні)
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің)
атауы______________________________________________________________
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ ____________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасының су қорын қорғау және пайдалану саласындағы су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылысжайлар мен басқа да объектілерді орналастыруды, жобалауды және салуды, реконструкциялауды жүзеге асыратын бақылау мен қадағалау субъектілеріне, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, ағаш өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізу шарттарына қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138 және 139-баптарына сәйкес тексеру парағы
____________________________________________________________________
бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_______________________
(№, күні)
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы___________________________________________
Бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________________________________
___________________________________________________________________
№ | Талаптар тізімі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс қызметіне, орман өсіруге, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға, балық шаруашылығы мелиорациясына, ауыл шаруашылығы жұмыстары мен өзге де жұмыстарға байланысты жұмыстарды жүргізуге арналған құжаттардың жобаларын келісу шарттарын сақтау |
Лауазымды тұлға (лар) __________________________ ___________________
(лауазымы) (қолы)
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Бақылау субъектісінің басшысы ______________________ _______________
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
