БҰЙЫРАМЫН:
"Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 39 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 119-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 120-қосымшаға сәйкес бекітілген "Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)" салық есептілігін жасау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Декларация декларацияның өзінен (100.00-нысан) және салық міндеттемені есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (100.01-100.13-ге дейінгі нысандар) тұрады.";
13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13-1. Аталған нысан 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылатын нысанға 13-қосымшаны қоспағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.";
21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) 100.00.062-жолында Салық кодексінің 223-бабы 4) тармақшасына сәйкес БШК және БШК ТМ-нің салық салынатын кірісінен КТС-ті қоспағанда, есептелген КТС жиынтық сомасы көрсетіледі.
100.00.059 + 100.00.061 I + 100.13.012 немесе 100.00.062 II + 100.00.064 + 100.13.012 жолдары ретінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 14-1-тараумен толықтырылсын:
"14-1-тарау. Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілері бойынша кіріс – 100.13-нысанын толтыру бойынша түсіндірме
54-1. Бұл нысан Салық кодексінің 223-бабының 6) тармақшасына сәйкес 10 пайыздық ставка бойынша салық салынатын 2025 жылға арналған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздармен және ақша нарығымен операциялардан түскен кірістердің сомасы ретінде айқындалатын кірістерді көрсетуге арналған.
54-2. "Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасына сәйкес салық салу объектілері бойынша кіріс" деген бөлімде:
1) 100.13.001-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінің (мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден болатын шығындарға азайтылған) сомасы көрсетіледі;
2) 100.13.002-жолда Салық кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістер (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған) сомасы көрсетіледі;
3) 100.13.003-жолда бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақылар (бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған) сомасы көрсетіледі;
4) 100.13.004-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі;
5) 100.13.005-жолда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар сомасы көрсетіледі.
54-3. "Салық кодексінің 223-бабы 6) тармақшасында айқындалған салық салу объектілерінен алынған кірістер бойынша салық міндеттемесін есептеу" деген бөлімде:
1) 100.13.006-жолда Салық кодексінің 313-бабына сәйкес КТС мөлшерлемесі пайызбен көрсетіледі;
2) 100.13.007-жолда мемлекеттік бағалы қағаздарды өткізуден түскен құнның ұлғаюынан (мемлекеттік бағалы қағаздарды өткізуден залалдарға азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі;
3) 100.13.008-жолда Салық кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалған, бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша кірістерден (бір жылға дейінгі мерзімге жасалған валютамен және пайыздық мөлшерлемелерді айырбастаумен жүргізілетін своп-операциялар бойынша шығындар сомасына азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі;
4) 100.13.009-жолда бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақылар бойынша (бір жылға дейінгі мерзімге жасасылған репо операциялары бойынша сыйақы түріндегі шығыстар сомасына азайтылған) есептелген КТС көрсетіледі;
5) 100.13.010-жолда мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар бойынша есептелген КТС көрсетіледі;
6) 100.13.011-жолда Ұлттық Банкінде бір жылға дейінгі мерзімге орналастырылған салымдар (депозиттер) бойынша сыйақылар бойынша есептелген КТС көрсетіледі;
7) 100.13.012-жолда есептелген КТС жалпы сомасы, 100.13.007 + 100.13.008 + 100.13.009 + 100.13.010 + 100.13.011-жолының жиынтық сомасы көрсетіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 753 бұйрығына қосымша |

































