Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 1633 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 27 қарашадағы № 399 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 желтоқсанда № 37521 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 16-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
__________М. Калиакпаров

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
      __________Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 399 мен
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2025 жылғы 21 қарашадағы
№ 1633 бірлескен
бұйрығымен бекітілген

Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 22-бабының 2-тармағы 16-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және олардың құрылысын жоспарлау тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) әскери қатынастар органдары – әскери тасымалдарды жоспарлау мен ұйымдастыруды, әскери тасымалдарды орындау үшін теміржол, теңіз, ішкі су және әуе көлігін дайындауды бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндеттерді орындауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына кіретін әскери бөлімшелер;

      2) әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы – әскери тасымалдарды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға өкілеттік берілген әскери басқару органы;

      3) кірме жол – жүк жөнелтушіге, жүк алушыға қызмет көрсетуге арналған және магистральдық және (немесе) станциялық жолға тікелей немесе басқа кірме жол арқылы қосылатын темір жол;

      4) Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі – меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде теміржол кірме жолын иеленетін әскери бөлімдер (мекемелер).

      3. Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды (бұдан әрі – кірме жол) пайдалану, оларға қызмет көрсету, күтіп-ұстау және жөндеу осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген) Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларына (бұдан әрі – Техникалық пайдалану қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолды пайдалану

      4. Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі әрбір кірме жолға:

      1) вагондарды беру-жинау шартынан;

      2) кірме жолда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтан;

      3) техникалық паспортты, жолдың бойлық бейінін, жасанды құрылысжайдың сызбасын және оған салынған тиеу-түсіру (түсіру) орындары бар, жол мен қойма алаңының мамандандырылуын көрсетіп, ауқымды схема-жоспарды қамтитын техникалық құжаттаманың екі данасынан тұратын құжаттарды ресімдейді.

      Техникалық құжаттаманың бірінші данасы Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісінде қалады, екінші данасы кірме жол бойынша көрсетілетін қызметтерге шарт жасау кезінде Ұлттық инфрақұрылым операторына беріледі.

      5. Тасымалдаушы мен Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі арасындағы қатынастар "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (бұдан әрі – Жүктерді тасымалдау қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) сәйкес вагондарды беру-жинау шартымен реттеледі.

      Вагондарды беру-жинау шарттарын түйісу станциясының жұмыс технологиясын және кірме жолдың жұмыс технологиясын, ал тиісті жағдайда кірме жол мен қосылатын жердегі станция жұмысының бірыңғай технологиялық процесін ескеріп, тасымалдаушы мен тармақ иеленушісі әзірлейді.

      6. Вагондарды беру-жинау шарттары бес жыл мерзімге жасалады.

      7. Қорғаныс министрлігінің кірме жолы арқылы басқа ұйымның (контрагенттің) кірме жолына вагондарды беру-жинау, Қорғаныс министрлігі тармақ иеленушісінің келісімімен ғана жүзеге асырылады.

      8. Вагондарды кірме жолға беру-жинау және вагондарды кірме жолдан қайтару вагондарды беру-жинау шартында көрсетілген талаптарға сәйкес орындалады. Тиеу-түсіру операцияларын орындау кезінде тасымалдау құжаттарын ресімдеу, қабылдау-тапсыру жадынамаларына, вагондарды беру және жинау ведомостарына қол қою Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісіне жүктеледі.

      Берілетін вагондардың ең көп саны кірме жолдың пайдалы ұзындығы бойынша айқындалады.

      9. Кiрме жолды қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге Жүк тасымалдау қағидаларында көзделген iс-шараларды орындау арқылы қол жеткiзiледi.

      10. Қорғаныс министрлігі кірме жолдарының техникалық құжаттамаларын дайындауды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мамандандырылған ұйымдарды тартып, Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушілері жүзеге асырады.

      11. Жолдың жоспары мен бойлық бейіні көрсетілген жұмысты орындауға лицензиясы бар ұйым жүргізген құралдық түсірілім негізінде жасалады.

      Кірме жолдың жоспары мен бейінін кезеңдік құралдық тексеру кірме жолдың бейінін өзгертетін жөндеу-жол жұмысы жүргізілгеннен кейін жүргізіледі. Егер кірме жолды пайдалану кезінде кірме жолдың бейінін өзгертетін жұмыс жүргізілмесе, құралдық тексеру кірме жолдың техникалық паспортын жаңартумен он жылда бір рет жүргізіледі.

      12. Кірме жолды пайдалану жоспарланған және жоспардан тыс жұмыстарды орындаған жағдайларда, қозғалыс қауіпсіздігіне және жылжымалы құрамның, контейнерлердің, жүктердің сақталуына қатер төндіретін ақаулық анықталған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік көліктік бақылау органының актісі негізінде тоқтатыла тұрады.

3-тарау. Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолға қызмет көрсету, күтіп-ұстау және жөндеу

      13. Кірме жолға қызмет көрсету жыл бойы және жөндеудегі учаскелерді қоса алғанда, бүкіл жол бойында жүзеге асырылады және ақаулықтардың пайда болу себептерін зерделеуді және оларды жою және алдын алу жөніндегі жұмыстарды орындауды қамтиды.

      14. Кірме жолдарға қызмет көрсету бойынша негізгі жұмыстар:

      1) жолды қарап-тексеру және диагностикалау (жоба алдындағы тексеруге кіретін жекелеген түрлерден басқа);

      2) жасанды құрылысжайларды қарап-тексеру және диагностикалау (жоба алдындағы тексеруге кіретін жекелеген түрлерден басқа);

      3) ақаулы рельстерді, шпалдарды, білеулерді, бекітпелерді және нұсқарлық бұрмалардың элементтерін жеке ауыстыру;

      4) жергілікті жерлерде түзету, қағу және түзеу;

      5) жолтабан енін реттеу;

      6) түйіспесіз жол бунақтарында температуралық кернеулерді разрядтау;

      7) жеке жапсырмаларды жою (ластанған балласттың негізгі алаңынан төмен кесу, таза балластқа ауыстыру);

      8) кірімдердегі жолды түзету;

      9) қар-, су-, құм жинау;

      10) түйіскен жерлерді дәнекерлеу, оның ішінде түйіспесіз жолдың бунактарын уақытша қалпына келтіру орындарында;

      11) айқастырмаларды балқыту және қою, ақау орындарында рельстерді балқыту;

      12) бүйірден тозған рельстерді қисықтарға және қисықтардан түзу жолға жұмыс жиектерін ауыстыра отырып және керісінше ауыстыру;

      13) жолды тазарту;

      14) жасанды құрылысжайларды ағымдағы күтіп-ұстау;

      15) қар және жел қоршауларын ағымдағы ұстау;

      16) өтпелерге қызмет көрсету;

      17) сигналдық және жол белгілерін күтіп-ұстау;

      18) стеллаждарды километр бойынша материалдар қорымен норма бойынша толықтыру болып табылады.

      15. Қарап-тексеруді және диагностикалауды Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі комиссия құрамына өзінің, әскери қатынастар органдарының, аудандық пайдалану бөлімдерінің, тасымалдаушының және Ұлттық инфрақұрылым операторының өкілін (келісу бойынша) қосумен құратын комиссия жылына екі рет көктем және күз кезеңінде (бұдан әрі – комиссиялық қарап-тексеру) жүзеге асырады.

      Комиссиялық қарап-тексерудің мақсаттары:

      1) жылдамдығы белгіленген пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулықты анықтау және оларды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдау;

      2) жолдың және нұсқарлық бұрманың құрамындағы ауытқуды, рельстің, бекітпенің, шпалдың, балласт призмасының және кірме жолдың басқа да элементтерінің ақауын уақтылы анықтау және бағалау;

      3) жолды күтіп-ұстау және жөндеу бойынша маусымдық және жылдық профилактикалық жұмысты жоспарлау мақсатында жолдың және оның элементтерінің техникалық жай-күйін айқындау;

      4) жұмысты орындау үшін жолдың жоғарғы құрылысы материалының түрін және күтіп-ұстау, жөндеу ауқымы мен санын айқындау;

      5) кірме жолды, нұсқарлық бұрманы, жасанды құрылысжайды, жер төсемін және басқа да құрылғыны күтіп-ұстау сапасын бағалау;

      6) техникалық құжаттаманың болуын және жүргізу сапасын тексеру;

      7) әрбір қаралатын кірме жол бойынша кірме жолды пайдаланудың толықтығын және қолданыстағы жолды дамытуға қажеттілікті айқындау (оны пайдалануға байланысты құрылысжай мен құрылғыны қоса алғанда), оларды күтіп-ұстау және пайдалану қажеттілігін негіздеу, жолды дамытуды оңтайландыру, ішінара жою (есептен шығару), реконструкциялау жөніндегі қажетті іс-шараларды анықтау болып табылады.

      16. Комиссиялық қарап-тексеру нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірме жолды көктемде (күзде) комиссиялық қарап-тексеру актілерімен ресімделеді және кірме жолды және онда орналасқан құрылысжай мен құрылғыны күтіп-ұстау мен жөндеудің әртүрлі түрлерін жүргізуді жоспарлауды ұйымдастыру үшін негіз, сондай-ақ кірме жолға қатысты оларды одан әрі пайдалану тәртібі туралы шешімдер қабылдау үшін бастапқы деректер болып табылады.

      17. Комиссиялық қарап-тексеру деректері негізінде Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушіcі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірме жолды күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға тапсырма (бұдан әрі – жұмыстарды орындауға тапсырма) әзірлейді және оны әскери қатынастар органдарына жолдайды.

      Ұлттық инфрақұрылым операторы әскери қатынастар органдарының өтінімдері бойынша (комиссиялық қарап-тексеру актілері және жұмыстарды орындауға тапсырмалар қоса беріледі) кірме жолды күтіп-ұстауға және (немесе) жөндеуге калькуляцияны әскери қатынастар органдарына ұсынады.

      18. Әскери қатынастар органдарының қолбасшылығы қарап-тексеру актілері, жұмыстарды орындауға тапсырмалар мен калькуляциялардың негізінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кірме жолды күтіп-ұстауға және (немесе) жөндеуге қаражатты жоспарлауды жүзеге асырады.

      19. Кірме жолды күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу шарттары Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі мен Ұлттық инфрақұрылым операторы арасында жасалады.

      20. Кірме жолдарда немесе жолдардың учаскелерінде күшейтілген көтеру, орташа, күшейтілген орташа және күрделі жөндеу түрлері орындалады.

      21. Күшейтілген көтеру жөндеулер жолды толық теңестіруді және жолдың беткі қабаты материалдарының жекелеген элементтерін ауыстыруды талап ететін кірме жолдарға немесе жолдардың учаскелерінде орындалады.

      22. Орташа жөндеу балласттық призманың көтеру қабілетін қалпына келтіруді, ақаулы шпалдар мен бекіту элементтерін ауыстыруды және жолдың беткі қабатының біркелкі беріктік дәрежесін арттыруды талап ететін кірме жолдарға немесе жол учаскелеріне тағайындалады.

      23. Күшейтілген орташа жөндеу бұрын темір жолда реконструкция жүргізілмеген, балласттық призманың өлшемі талапқа сәйкес келмейтін, жиектері жоқ немесе белгіленгеннен кіші өлшемі бар, жер төсемінің негізгі алаңында бөлуші беткейі жоқ кірме жолдарға немесе жол учаскелеріне тағайындалады.

      24. Күрделі жөндеу ерекше жағдайда рельстер мен нұсқарлық бұрамаларды толық ауыстыру, балласттық призманың көтеру қабілетін қалпына келтіру қажет болғанда тағайындалады.

      25. Жөндеу жұмысын ұйымдастыру және орындау кезінде Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі:

      1) кірме жолдың жөнделетін учаскелерін жөндеу жұмысын жүргізуге дайындауды, оларды жылжымалы құрамнан, артық заттар мен басқа да мүліктен босатуды;

      2) жөндеу жұмысын жүргізу барысында алынған бөлшектелетін материалды жинауды, тасымалдауды және сақтау орнында реттеп салуды жүзеге асыруды;

      3) жөндеу жұмысын жүргізуді ескеріп, маневрлік және пайдалану жұмысын жоспарлауды;

      4) жөндеу үшін объектіге түсетін жүкті қабылдауды жүзеге асырады, реттеп салу орындарын алдын ала айқындайды және береді, қажет болғанда тиеу-түсіру операцияларын орындау үшін күштер мен құралдар бөледі.

      26. Күтіп-ұстауға және (немесе) жөндеуге пайдаланылған Қорғаныс министрлігі тармақ иеленушісінің жолдың беткі қабатының материалдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірме жолға жолдың беткі қабатының материалын төсеу актісіне (бұдан әрі – төсеу актісі) енгізіледі.

      Төсеу актісін Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі құрған комиссия үш данада жасайды. Бұл ретте бірінші данасы қаржы қызметіне беріледі, екінші данасы материалдық жауапты адамда сақталады, үшінші данасы әскери қатынастар органдарына жіберіледі.

      27. Кірме жолды күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу бойынша орындалған жұмысты қабылдау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кірме жолды күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу бойынша орындалған жұмысты қабылдау актісін ресімдеп, Қорғаныс министрлігінің тармақ иеленушісі құрған комиссия құрамында жүзеге асырылады.

      Комиссия құрамына Қорғаныс министрлігі тармақ иеленушісінің, әскери қатынастар органдарының және Ұлттық инфрақұрылым операторының (келісу бойынша) өкілдері енгізіледі.

4-тарау. Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолды салуды жоспарлау

      28. Жаңа кірме жолды салуды жоспарлау әскери бөлім аумағының шегінен тыс жерге тиеуді (түсіруді) орындау және әскери жүктердi автомобиль көлігімен жеткiзу мүмкiндiгi болмаған кезде жүзеге асырылады.

      29. Кірме жолды салу бойынша жұмыстарды жоспарлау кезінде мүдделі әскери басқару органы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға жауапты Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесіне белгіленген тәртіппен бекітілген тактикалық-техникалық тапсырмаларды (бастапқы деректерді) ұсынады.

      30. Қорғаныс министрлігінің кірме жолдарын салуға тактикалық-техникалық тапсырмаларды әзірлеу, сондай-ақ оларды салу үшін жер учаскелерін таңдау мыналарды ескеріп жүзеге асырылады:

      1) кірме жолдың болжамды жүк айналымын және қосылатын жердегі станцияға іргелес теміржол учаскелерінің өткізу қабілетін;

      2) жол дамуын және қосылатын жердегі теміржол станциясының жұмыс істеу жағдайын, объектіге теміржол тасымалдарымен қызмет көрсетудегі пайдалану талаптарын, сондай-ақ локомотив және вагон шаруашылығын дамытуды;

      3) ең аз ұзындықтағы кірме жолды темір жолдың бөлінген белдеуінен тыс, көлемі бойынша елеулі жер жұмысын орындамай және жасанды құрылысжайдың ең аз қажетті саны кезінде төсеу мүмкіндігін.

      31. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инфрақұрылымын күтіп-ұстауға және дамытуға жауапты Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі жобалау құжаттамасын әзірлеуге және кірме жолдарды, сондай-ақ онда орналасқан құрылысжай мен құрылғыны салуға бюджет қаражатының қажетті мөлшерін бөлу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

      Кірме жолдың, сондай-ақ онда орналасқан құрылысжайлар мен құрылғылардың құрылысын жоспарлау барысын бақылау мүдделі әскери басқару органына жүктеледі.

  Қорғаныс министрлігі пайдаланатын
кірме жолды пайдалану, оларға
қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу
және олардың құрылысын
жоспарлау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Қорғаныс министрлігінің кірме жолын
көктемде (күзде) комиссиялық қарап-тексеру
А К Т І С І

      _________________________________                   20___ж. "____"_________

      (қосылатын жердегі станция атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Қорғаныс министрлігі кірме жолы тармақ иеленушісі жоғары органының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Қорғаныс министрлігі кірме жолы тармақ иеленушісінің атауы)

      Комиссия мынадай құрамда:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (қарап-тексеру үшін негіздеме, бұйрық немесе өкім нөмірі)

Р/с №

Қарап-тексеру объектісі туралы мәліметтер

Көрсеткіш (деректеме)

1

Қорғаныс министрлігі кірме жолы тармақ иеленушісінің жоғарғы органы

Кірме жол тармақ иеленушісі жоғарғы органының толық атауы және тиісті негіздеме

2

Кірме жолдың тармақ иеленушісі

Кірме жолдың тармақ иеленушісінің атауы және тиісті негіздеме

3

Теміржол көлігінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты лауазымды адам

Теміржол көлігінің жұмысына, тиеу-түсіру әрекетін ұйымдастыруға, тежегіш башмакты есепке алуға, маркалауға (таңбалауға), беруге және сақтауға жауапты лауазымды адам, тағайындау туралы бұйрық нөмірі, лауазымды адамның байланыс деректері

4

Құжаттама:

4.1

құқық беретін

Теміржол көлігінің объектісіне меншік құқығын растайтын заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын және құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттар, мүлік тізілімі, бюджеттік есепке алу

4.2

техникалық

Теміржол көлігінің жұмысына байланысты барлық қолда бар құрылғыға, құрылысқа, жылжымалы құрамға, локомотивке, жүк вагонына құжаттар (сертификат, паспорт, формуляр, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, құрылғыны пайдалануға қабылдау актісі) (темір жолы, нұсқарлық бұрма, қойма, платформа, эстакада, цистерна ағызатын құрылғы, аспалы жол), әрбір теміржол өтпесіне нұсқаулық пен карточканың болуы

4.3

пайдалану

Вагонды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың, беру және жинау шартының (бекітілген/жасалған күні) болуы туралы мәліметтер, аяқталу мерзімі

5

Зерттеп-тексерілетін кірме жолдың техникалық сипаттамасы

5.1

ұзақтығы

Кесте түрінде жол экспликациясымен ресімделеді, нөмірі мен тоғысы, сондай-ақ олардың учаске бойынша жеке темір жолдың жалпы толық және пайдалы ұзындығы көрсетіледі

5.2

жолдың беткі қабатының мықтылығы

Кесте түрінде ресімделеді, жолдағы, сондай-ақ жоғарыда экспликацияда көрсетілген жалпы рельс, бекітпе, шпал, балласт саны, түрі жол учаскесі бойынша жеке көрсетіледі

5.3

нұсқарлық бұрманың болуы

Кесте түрінде ресімделеді, нұсқарлық бұрма саны, олардың жақтары мен маркасы көрсетіледі

5.4

жер төсемі

Жер төсемінің түрі және оның негізгі параметрі

6

Құрылым мен құрылғының болуы және техникалық сипаттамасы:

6.1

теміржол өтпесі

Жатқан жері, қиылысатын жол желісі, өтпе түрі (жобасы) мен оның жабдығы, технологиялық құжаттамада өтпе туралы деректің болуы

6.2

айдап әкетуге қарсы құрылғы

Жатқан жері, атқаратын функциясы, құрылғы түрі, технологиялық құжаттамада құрылғы туралы деректің болуы

6.3

теміржол көпірі

Жатқан жері және негізгі параметрі, технологиялық құжаттамада құрылым туралы деректің болуы

6.4

тиеу-түсіру құрылғысы

Жатқан жері және негізгі параметрі, Технологиялық құжаттамада құрылыс туралы деректің болуы

6.5

су ағызатын құбыр

Жатқан жері және негізгі параметрі, технологиялық құжаттамада су ағызу құбыры туралы деректің болуы

6.6

басқа да құрылым мен құрылғы

Жатқан жері және негізгі параметрі, технологиялық құжаттамада құрылым туралы деректің болуы

7

Пайдаланылатын жылжымалы құрам мен жүк

Кірме жолда жүретін жылжымалы (оның ішінде пайдаланылмайтын) құрам және жүк сипаттамасы

8

Белгіленген жылдамдық

Жылжымалы құрамның барлық кірме жол бойында немесе жеке учаскеде белгіленген қозғалыс жылдамдығы

9

Қатаң есептегі мүліктің болуы

Қатаң есептегі мүлік атауы, оның саны, түрі, таңбалау, есепке алу және сақтау туралы мәлімет

10

Кірме жолдың қосылу тәртібі

Кірме жолдың жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылымға және басқа да кірме жолға қосылатын жері, "Теміржол кірме жолының шегі" белгісінің болуы

11

Кірме жолға қосылатын жердегі инфрақұрылымның жай-күйі, тармақ иеленушісінің атауы

Кірме және станциялық жолдың техникалық жай-күйі (пайдалану үшін ашық/жабық), әскери бөлімнің кірме жолы қосылатын жердегі теміржол инфрақұрылымы ұйымының (иеленушісінің) атауы

12

Жүк айналымы

Кірме жолда, оның ішінде қауіпті жүк тиелген және түсірілген вагон саны

13

Қауіпті жүкпен жұмыс істеуге лицензия

Қауіпті жүкпен жұмыс істеуге лицензияның болуы, оның деректемесі мен қолданылу мерзімі

14

Вагон беру-жинауға шарт

14.1

бары

Шарт деректемесі (нөмірі, жасалған мерзімі мен қолданыс мерзімі), тараптардың атауы

14.2

шарттың қолданысы

Шарт қолданылатын теміржол учаскесі және оның ұзақтығы

14.3

қажеттілік

Шарттың қолданысы, оны ұзарту, ал ол болмағанда шарт жасау қажеттілігі, сондай-ақ темір жол учаскесі мен оның ұзындығын көрсетіп, шарттың қолданысын ұзарту қажеттілігі үшін негіздеме

15

Темір жол, құрылым мен құрылғы элементтері жай-күйінің белгіленген жылдамдық пен жүктемеге сәйкес келуі

Сәйкес келеді/сәйкес келмейді (сәйкес келмеу себебі), пайдаланушы белгілеген қозғалыс жылдамдығы

      16. Қарап-тексерілетін теміржол учаскесі, құрылым мен құрылғы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ескертпе. Темір жол, нұсқарлық бұрма, теміржол өтпесі мен оның нөмірі мен ұзындығы (саны) көрсетілген басқа да құрылым көрсетіледі.

      17. Өткен кезеңде объектіде жасалған жөндеу туралы мәліметтер:

Р/c

Жөндеу
түрі

Жасалған жылы мен көлемі

2020

2021

2022

….

2025

1

2

3

4

5

6

7















      Ескертпе. Жасалған жөндеу бойынша деректерді әскери бөлімнің теміржол инфрақұрылымына қызмет көрсетілген барлық кезең үшін көрсету, жөндеудің көрсетілген көлеміне жөнделген учаске, нұсқарлық бұрма мен құрылғы туралы мәліметтерді жазу қажет.

      18. Күтіп-ұстау жұмысын ұйымдастыру_________________

      ___________________________________________________________________

      Ескертпе. Темір жолды техникалық ақаусыз жай-күйде ұстау үшін штаттан тыс команданың (бөлімшенің) болуы (болмауы) көрсетіледі.

      19. Комиссиялық қарап-тексеру сәтінде өткен кезең үшін орындалған күтіп-ұстау іс-шаралары:

Р/с

Орындалатын жұмыс түрі

Орындау кезеңі

Жол учаскесі, нұсқарлық бұрма немесе құрылым

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе. Өткен жылдағы күзде қарап-тексеру мен ағымдағы жылғы көктемде қарап-тексеру арасындағы кезеңде жүргізілген жұмыс көрсетіледі.

      20. Жолдың беткі қабаты материалының және күтіп-ұстау үшін басқа да материалдық құралдардың болуы:

Р/с

Материалдық құралдар атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Жай-күйі, пайдалануға әзірлігі

1

2

3

4

5






      21. Теміржолдың, нұсқарлық бұрманың және құрылғының пайдаланылмайтын учаскесінің тізбесі:

Р/с

Объекті атауы

Пайдаланылмау себебі

Пайдалану
перспективасы

Орындалған іс-шаралар

Орындау қажет

Орындау үшін негіздеме

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе: 1. Кестеде көрсетілген уақытша өзгеріс техникалық және пайдалану құжаттамасында көрсетіледі.

      2. 2-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      22. Теміржолдың, құрылым мен құрылғының техникалық жай-күйін бағалау және пайдалану сипаттамасын жақсартуға бағытталған одан әрі шараларды айқындау.

      22.1. Ұзындығы _____ метр № ____ темір жолы қарап-тексерілді.

      Учаскені қарап-тексеру барысында мынадай кемшіліктер анықталды:

      ақаулы рельстің болуы:

Р/с

Ақаулы рельс маркасы

Ұзындығы, метр

Жатқан жері, жол,
№___

Ақау түрі

Талап етілетін
іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







      ақаулы шпалдың болуы:

Р/с

Ақаулы шпал маркасы

Саны, дана

Жатқан жері, жол,
№___

Ақау түрі

Талап етілетін
іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







      ақаулы бекітпенің болуы:

Р/с

Бекітпе түрі

Саны, дана

Жатқан жері, жол,
№___

Ақау түрі

Талап етілетін
іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







      балласт қабатындағы кемшіліктер:

Р/с

Балласт түрі

Саны, т.м.

Жатқан жері, жол,
№___

Ақау түрі

Талап етілетін
іс-шаралар

1

2

3

4

5

6







      Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау үшін материалдық құралдарға қажеттілік:

Р/с

Тағайындалған өлшемшартқа сәйкес жөндеу түрі

Саны

Өлшем бірлігі

Материалдық құралдар атауы

Өлшем бірлігі

Материал саны

1

2

3

4

5

6

7








      22.2. Ұзындығы _____ метр № __ темір жол қарап-тексерілді.

      Ескертпе. Бұдан әрі 22.1-тармаққа ұқсас толтырылады.

      22.3. _________________________________________________________ жатқан № ____ нұсқарлық бұрма қарап-тексерілді.

      Учаскені қарап-тексеру барысында мынадай кемшіліктер анықталды:

Р/с

Нұсқарлық бұрма маркісі

Ақаулық атауы

Талап етілетін
іс-шаралар

Ақаулықты жоюға дейінгі шектеу түрі

1

2

3

4

5






      Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау үшін материалдық құралдарға қажеттілік:

Р/с

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4





      22.4. _________________________________________________________ жатқан № ____ нұсқарлық бұрма қарап-тексерілді

      Ескертпе. Бұдан әрі 22.3-тармаққа ұқсас толтырылады.

      22.5._______________________________________________________ автожол қиылысында жатқан № ____ теміржол өтпесі (ортақ/тармақ иеленушісінің) қарап-тексерілді.

      Анықталған кемшіліктер негізінде қарап-тексерілген өтпе бойынша қорытынды: _______________________________________________________

      Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау үшін материалдық құралдарға қажеттілік:

Р/с

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4





      22.6. _________________________________________________________ тұрған _________________ жасанды құрылым қарап-тексерілді.

      Учаскені қарап-тексеру барысында мынадай кемшіліктер анықталды:

      ____________________________________________________________________

      Анықталған кемшіліктер негізінде қарап-тексерілген жол учаскесі бойынша қорытынды: _________________________________________________

      Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды орындау үшін материалдық құралдарға қажеттілік:

Р/с

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4





      22.7. Қарап-тексерілді: __________________________________

      _________________________________________________________________

      Ескертпе. Темір жолды, нұсқарлық бұрманы және басқа құрылғыны қарап-тексеру нәтижесі көрсетіледі, тиісті қорытынды жасалады және материалдық құралдар есебі келтіріледі.

      23. Пайдалануда қажет уақытша жоқ темір жолды, нұсқарлық бұрманы және құрылғыны айқындау:

Р/с

Объекті атауы

Пайдалану перспективасы

Қажет
іс-шаралар

Іс-шараларды орындау себебі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6







      Ескертпе: 1. Кестеде көрсетілген объектілер комиссиялық қарап-тексеру актісінің 23-тармағында көрсетіледі.

      2. 2-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      24. Күтіп-ұстауға және оны жүргізу үшін қажетті материалдық құралдарға анықталған жалпы қажеттілік:

Р/с

Күтіп-ұсталатын объекті

Өлшем бірлігі

Саны

Материалдық құралдарға қажеттілік

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6

7








      Ескертпе. 2-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      25. Жөндеуге және оны жүргізу үшін қажетті материалдық құралдарға анықталған жалпы қажеттілік:

Р/с

Жөндеу объектісі

Жөндеу түрі

Өлшем бірлігі

Саны

Материалдық құралдарға қажеттілік

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ескертпе. 2-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      26. Теміржолды, нұсқарлық бұрманы және құрылғыны күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды орындауды жоспарлау:

Р/с

Күтіп-ұсталатын объекті

Өлшем бірлігі

Саны

Орындау кезеңі

1

2

3

4

5






      Ескертпе:

      1. Көктемде-күзде орындау қажет жұмыс көрсетіледі.

      2. 2-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      27. Ағымдағы жылы жоспарланған жөндеуді орындау:

Р/с

Жөндеу
түрі

Жөндеу объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жөндеу негіздемесі

Орындау мерзімі

Жұмысты орындаушы

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ескертпе: 1. Көктемгі комиссиялық қарап-тексеру қорытындысы бойынша өткен жылы тиісті жоспарға енгізілген жөндеу жұмысы көрсетіледі.

      2. 3-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      28. Теміржолды, нұсқарлық бұрманы және құрылғыны жөндеу жөніндегі іс-шараларды орындауды жоспарлау.

      Қолданыс қажеттілігіне, жүк айналымының көлеміне және пайдалану орындылығына сүйеніп, жөндеу кезеңі айқындалды:

Р/с

Жөндеу
түрі

Жөндеу объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Орындау кезеңі

Жөндеу негіздемесі

2025

2026

2027

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Ескертпе: 1. Көктемде қарап-тексеру барысында келесі жылға және одан кейінгі жылдарға жөндеу ауқымы жоспарланады, онда оны орындау тәртібі, қаржыландыру және дайындық іс-шараларын жүргізу мерзімі ескеріледі.

      2. 3-бағанда объектінің нөмірі көрсетіледі.

      29. Алдыңғы комиссия жұмысының қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою бойынша жүргізілген жұмыс: __________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

      Ескертпе. Алдыңғы комиссиялық қарап-тексеру актісінде күтіп-ұстауға, жөндеуге және басқа да мәселелерге қатысты бөлігінде көрсетілген орындалған және орындалмаған іс-шаралар бойынша талдау жүргізіледі және деректер келтіріледі.

      Комиссия ұсынысы: _______________________________________

      Комиссия мүшелері:

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      Ескертпе. Материал атауын қолданыстағы МЕМСТ-ға, ТУ-ға сәйкес толық көрсетілсін. Өлшем бірлігі барлық кестеде бірдей болуға тиіс.

  Қорғаныс министрлігі
пайдаланатын кірме жолды
пайдалану, оларға қызмет
көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу
және олардың құрылысын
жоспарлау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
_______әскери бөлімінің командирі
______________________________________
(әскери атағы, қолы, А.Ж.Т)
20___ж. "____"______________

_____ә/б кірме жолында _______________бойынша жұмыстарды орындауға
(күтіп-ұстау, жөндеу түрі)

ТАПСЫРМА

№ п/п

Негізгі деректердің атауы

Негізгі деректер мен талаптар

1

Атауы

Кірме жол

2

Қосылу станциясы

Алматы (мысал)

3

Негіз

_________ комиссиялық қарап-тексеру актісі

4

Жұмыс түрі

Жөндеу түрлері комиссиялық қарап-тексеру актісінде көрсетілген ұсынысқа сәйкес көрсетіледі (күтіп-ұстау, күшейтілген көтеру жөндеулер, орташа жөндеулер, күшейтілген орташа жөндеулер, күрделі жөндеу)

5

Жол сипаттамалары (нақты көрсету)

Ұзындығы: ______ метр.
Рельтер типі: Р50 / Р65 / Р75.
Шпалдар типі: ағаш / темірбетон.
Балласт: қиыршықтас / шағылтас.
Нұсқарлы бағыттамалардың саны: ___дана.
Ағымдағы жағдайы: негізгі ақаулардың қысқаша сипаттамасы.

6

Негізгі талаптар:

Жол және құрылыстар шаруашылығы бойынша
(мысал, қарап-тексеру актісі бойынша түзетіледі)
Тозған рельстерді, шпалдарды және бекітпелерді бөлшектеу.
Рельстерді ауыстыру: маркасы __, ұзындығы___ саны ___ дана; рельстер типі – ____, жаңа; рельстер ұзындығы – ______ м.
Рельс төсемесін ауыстыру: маркасы _____ саны ___дана.
Рельс жапсырмаларын ауыстыру: маркасы ____ саны ___дана.
Шпалдарды ауыстыру: ағаш - ____дана, темірбетон - ____дана.
Бекітпелерді ауыстыру – ____, жаңа тығын.
Балласт түрі: _________. Балластты тазалау / толықтыру.
Жолды түзету.
Нұсқарлы бұрмаларды жөндеу және реттеу (№__көрсету)
Жаңа жол белгілері мен сигналдық құрылғыларды орнату (қажет болған жағдайда)
Байланыс және сигнализация шаруашылығы бойынша
_______________________
Электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша
_________________________

7

Материалдармен қамтамасыз ету

Орындаушының материалдарымен жұмыстарды орындау

8

Жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Жұмысты орындау тәртібі
Жұмысты орындау кестесі
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тауарлар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз ету

9

Жұмыстарды қабылдауға қойылатын талаптар


10

Экологиялық талаптар

Қалдықтарды жою
Шу мен шаңды бақылау
Өсімдіктер мен су объектілерін қорғау

11

Басқа талаптар

"ҚТЖ" ҰК" АҚ редакциясында шарт жасасу
Жұмыс жылжымалы құрамның өтуімен жүзеге асырылады

12

Жұмыстың аяқталу мерзімі

20___ жылдың "____" ________________ кешіктірмей

13

Қосымшалар тізімі

Комиссияның тексеру актісі
Кірме жолдың сызбасы
Жұмысты орындау кестесі

      _____________________________________________________
(лауазымы, қолы, А.Ж.Т)

  Қорғаныс министрлігі пайдаланатын
кірме жолды пайдалану, оларға
қызмет көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу
және олардың құрылысын
жоспарлау қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Қорғаныс министрлігінің кірме жолына
жолдың беткі қабатының материалын төсеу
А К Т І С І

      _________________________________                   20___ж. "____"_________

      (қосылатын жердегі станция атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Қорғаныс министрлігінің кірме жолы тармақ иеленушісінің атауы)

      Құрамында мыналар бар комиссия:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      Қорғаныс министрлігінің кірме жолына төменде көрсетілген жолдың беткі қабатының материалын төсеу фактісін анықтады:

Р/с

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1

2

3

4

5

1





2





3





      Комиссия шешімі: күтіп-ұстау (жөндеу) жұмысын орындау кезінде пайдаланылған материалдық құндылық есептен шығарылуға тиіс.

      Комиссия мүшелері:

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

  Қорғаныс министрлігі
пайдаланатын кірме жолды
пайдалану, оларға қызмет
көрсету, күтіп-ұстау, жөндеу және
олардың құрылысын
жоспарлау қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Қорғаныс министрлігінің кірме жолын күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу
бойынша орындалған жұмысты қабылдау
А К Т І С І

      _________________________________                   20___ж. "____"_________

      (қосылатын жердегі станция атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Қорғаныс министрлігі кірме жолының тармақ иеленушісі жоғары органының атауы)

      __________________________________________________________________________

      (Қорғаныс министрлігінің кірме жолы тармақ иеленушісінің атауы)

      Құрамында мыналар бар комиссия:

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы, инициалдары мен тегі)

      20___ж. "___" _________ № _____ бұйрық негізінде ________ әскери бөлімінің (мекемесінің) кірме жолын күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу бойынша жұмысын қабылдады.

      Комиссия мыналарды анықтады:

      1. күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу_______________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызмет көрсетуге шарт, комиссиялық қарап-тексеру актісі)

      негізінде жүргізілген.

      2. Жөндеу жұмысы мерзімінде жүзеге асырылған:

      жұмыстың басталуы _______________________________;

      (күні)

      жұмыстың аяқталуы _______________________________.

                              (күні)

      3. Қорғаныс министрлігінің кірме жолын күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу бойынша орындалған жұмыс мынадай көрсеткішке ие:

Р/с

Көрсеткіш (жұмыс түрі)

Өлшем бірлігі

Жоспар бойынша жұмыс ауқымы

Нақты жұмыс ауқымы

1





2





      4. Күтіп-ұстау және (немесе) жөндеу кезінде мынадай материал пайдаланылған:

Р/с

Материал атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ескертпе

1





2





3





4





      Қабылдау комиссиясының шешімі:________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мысалы: Жөндеу жұмысы техникалық нормалар мен қағидаларға толық сәйкес жасалды, жолдың техникалық жай-күйі пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі шарттарына сәйкес келеді. Күтіп-ұстау жұмысын орындау кезінде пайдаланылған материалдық құндылық есептен шығарылуға тиіс.

      Қабылдау комиссиясының мүшелері:

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      _________________________________________________________________

      (лауазымы, қолы, мөрі (болса), инициалдары, тегі)

      Ескертпе:

      1. 4-тармақта жөндеу процесінде пайдаланылған жолдың беткі қабатының материалы көрсетіледі: рельс, нұсқарлық бұрма, шпал, аралық және түйіспе бекітпе, айдап әкетуге қарсы құрылғы, балласт призмасы (балласт түрі). Ескертпеде кімнің материалы пайдаланылғаны (тармақ иеленушісі/жұмыс орындаушысы) көрсетіледі.

      2. 5-тармақта Қорғаныс министрлігінің кірме жолын күтіп-ұстау бойынша орындалған жұмысты қабылдау (қабылдамау) туралы комиссия қорытындысы, техникалық жай-күйін бағалау, сондай-ақ күтіп-ұстау жұмысын орындау кезінде пайдаланған материалды есептен шығару туралы шешім жазылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады