"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қарашада № 37500 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелді) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі:

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "

8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

73

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарларына және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген жұмыс оқу жоспарларының болуы және сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен әр жас ерекшелігіне арналған перспективалық жоспарлардың, тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасының, баланың жеке даму картасының көшірмелері.


74

Еңбек өтіліне талаптар қойылмай, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлауды өткендігін растайтын құжаты бар педагогтердің болуы.
Педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің үлесі кемінде 75%.
Екі топтан аз мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаты бар педагогтердің үлесі кемінде 20 %.
Білім беру ұйымы басшысы мен және педагогтері білімнің жұмыс өтілінің № 338 бұйрықтың біліктілік талаптарына сәйкестігі.

Осы біліктілік талаптарына
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер.

Осы ретте педагогтердің жалпы санынан штаттық педагогтердің үлесі кемінде 75%.

75

№ 216 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар үшін оқу-әдістемелік кешендердің болуы.
№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес оқу және ойын материалының болуы.

Осы біліктілік талаптарына
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер.


76

Ғимараттардың жабдықталған медициналық орналастыру орындарымен/ пункттермен қамтамасыз етілуі.
"Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке (кіші түрлері - Ересектерге және (немесе) балаларға мамандықтар бойынша амбулаториялық емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
дәрігерге дейінгі) лицензияның болуы.

Осы біліктілік талаптарына
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
тәрбиеленушілерге
медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер

Үш топқа дейін қоса алғанда мектепке дейінгі ұйымдарды қоспағанда.

77

"Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық -эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген)
және № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар тамақтандыру объектісінің болуы.

Осы біліктілік талаптарына
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер.


78

№ ҚР ДСМ-76-бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға, № 55 бұйрықтың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің немесе білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін топтық және оқу үй-жайларының кемінде 5 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алудың болуы.

Осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер. Меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі. Әрбір ғимаратқа, санитариялық -эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып тексеру немесе профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесі.
Жаңадан ашылатын ұйымдар үшін – объектіні пайдалануға беру актісі, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі.

Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын анықтау кезінде оларды жою Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған жағдайда, бұған дейін профилактикалық бақылауды нысанға (объектке) бару арқылы жүргізген бақылау органы және (немесе) бұрын анықталған бұзушылықтарды жоюды растау үшін тексеру жүргізген орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүгіну арқылы жауап беруге жол беріледі.

79

№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру;
№ 385 бұйрыққа сәйкес жас топтарының болуы және толықтығы;
edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
№ 70 бұйрықпен бекітілген балалар киіміне арналған жабдықталған шкафтардың болуы;
балалардың толық емес күні бар мектепке дейінгі шағын орталықты,
мектепке дейінгі ұйымның мектепалды тобын,
мектептердің мектепалды тобын, мектептердің мектепалды сыныбын қоспағанда, бір кісілік/екі қабатты кереуеттердің болуы.
Ғимаратта № ҚР ДСМ-76-бұйрығына сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуатын раковиналар) болуы.
№ 117 бұйрыққа сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуына жабдықтардың болуы.

Осы біліктілік талаптарына
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

Жаңадан ашылған білім беру ұйымдарында балалар киіміне арналған жабдықталған шкафтардың, бір кісілік/екі қабатты кереуеттердің саны болжамды жиын бойынша, жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілер контингент бойынша айқындалады.

80

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
18-бабының 1-тармағына сәйкес білім беру ұйымдары педагогтерін кемінде 36 сағат көлемімен 3 жылда 1 реттен сиретпей біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейіні және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру 3 жылда 1 реттен сиретпей.

Осы біліктілік талаптарына
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес соңғы 5 жылда біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер.


81

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде және ҰБДҚ-ның әкімшілік деректеріне сәйкес келетін білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінде мәліметтердің болуы.

Осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер.


82

"Білім беру ұйымдарындағы психологиялық -педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелген) сәйкес ғимараттарда ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар құру.

Осы біліктілік талаптарына
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер.


      ";

      Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
Ж. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жасанды интеллект және цифрлық

      даму министрлігі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 27 қарашадағы
№ 268 бұйрығына қосымша
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
1-қосымша
  Нысан

Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер ________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (____________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, Оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, жұмыс өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет*

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог – модератор, педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (жеке медициналық кітапшаның болуы) *

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы) *

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Білім туралы құжатты тану туралы куәлік
болуы туралы мәлімет

Оқытатын пәні

10

11

12

13

14

15

16

17










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады