ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 222 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 244 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17096 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
бұйрық тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
бұйрықтың 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді және уранды өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларында:
Тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 129-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектерді өндіру кезеңінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тәртібін айқындайды.";
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркеліп-белгіленген жаңа білім немесе шешімдер, сондай-ақ өндіріске ендірілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялар, жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;";
6) және 7) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"6) ғылыми-техникалық қызмет – технологиялық, конструкторлық, экономикалық және әлеуметтік-саяси және өзге де міндеттерді шешу үшін ғылым, техника және өндіріс салаларында жаңа білім алуға және оны қолдануға, осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті коммерцияландыру нәтижелерін және нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеуді қоса алғанда, ғылымның, технология мен өндірістің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызмет;
7) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту, тәжірибелік үлгілерге арналған конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау кезінде орындалатын жұмыстар кешені;";
6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді есептеу мақсатында алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушы өндіруге жұмсаған шығындарды айқындау жер қойнауын пайдаланушылар Кодекстің 132-бабына сәйкес көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ол бекітетін тәртіппен ұсынатын көмірсутектер саласындағы жер қойнауын пайдаланушы үшін лицензиялық-келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есептің деректері негізінде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжаттарын әзірлеу, сараптау, сондай-ақ жобалау құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу (көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы барлау жұмыстарының жобасы және сынамалы пайдалану жобасы, көмірсутек кен орнын игеру жобасы, көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық жобалау құжаттары), сондай-ақ авторлық қадағалауды жүргізу, әзірлемені талдау жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында және көмірсутектерге жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген міндеттемелердің шеңберіндегі ғылыми зерттеулерге жатпайды.";
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутектер өндіру кезеңінде ғылыми зерттеуді қаржыландыруының тәртібі";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес шот-фактура жер қойнауын пайдаланушылардың осы Қағидалардың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат болып табылады.
"Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 59) тармақшасына сәйкес төлем тапсырмасы жер қойнауын пайдаланушылардың осы Қағидалардың 8-тармағында және 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын құжат болып табылады.";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Жер қойнауын пайдаланушының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын субъектілерді айқындауды жер қойнауын пайдаланушы "Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) көзделген тәртіппен ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері қатарынан көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады.";
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 25-абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
________С. Нурбек |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
________К. Туткышбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет – ресурста
орналастырылған: http://spon.energo.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Жер қойнауын пайдаланушының/Қор жанындағы
коммерциялық емес ұйымның ______ жылға арналған ғылыми зерттеулерінің
бағдарламасы
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі:
PNI-1
Жиілігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20___ жыл бойынша
Өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар
тобы: көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдаланушылар/Қор жанындағы
коммерциялық емес ұйым
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті
кезеңнің алдындағы 25 (жиырма бесінші) қазаннан кешіктірмей
Бизнес сәйкестендіру нөмірі:
![]()
Жинау әдісі: қағаз нұсқада, электрондық түрде
№ р/с | Ғылыми зерттеу жобасының атауы | Орындау мерзімдері | Мақсаты | Аннотация | Өзектілігі | Күтілетін нәтижелер | Болжалды құны және іске асыру жоспары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы ____________________________________________
Мекенжайы _______________________________________
Телефоны _________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________
Орындаушы __________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндеттерін орындайтын тұлға
______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
"Жер қойнауын пайдаланушының/Қор жанындағы коммерциялық емес ұйымның ______ жылға арналған ғылыми зерттеулерінің бағдарламасын" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (PNI-1, жылдық)
1. 1-бағанда жұмыстың реттік нөмірі көрсетіледі;
2. 2-бағанда ғылыми зерттеу жобасының атауы, ғылыми зерттеу жобасының қысқаша мәні көрсетіледі;
3. 3-бағанда ғылыми зерттеу жобасының басталған күні – аяқталған күні көрсетіледі;
4. 4-бағанда ғылыми зерттеу жобасының мақсаты көрсетіледі. Бағдарламаның тақырыбына сәйкес қол жеткізуге болатын және жобаны іске асыру нәтижесінде күтілетін шешімнің сипатын көрсететін қысқаша және нақты баяндалады;
5. 5-бағанда ғылыми зерттеу жобасының жалпы пайымы, орта мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелері көрсетіледі. Аннотация мына сұрақтарға жауап береді: сіз қандай мәселелерді шешесіз, ұсынылған шешімнің жаңалығы қандай, алынған нәтижелер кімге пайдалы болады;
6. 6-бағанда ғылыми зерттеу жобасының өзектілігі, ғылыми зерттеу жобасының кемшіліктері/артықшылықтары, ғылыми зерттеу жобасы шешуге бағытталған қазіргі проблема көрсетіледі;
7. 7-бағанда ғылыми зерттеу жобасын іске асырудың негізгі тікелей (қандай жұмыстар жүргізілетін болады) және жанама (ғылыми зерттеу жобасын іске асыру неге әкеледі) нәтижелері көрсетіледі. Әсерді өлшеу үшін қандай көрсеткіштер пайдаланылады, қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта осы ғылыми зерттеу жобасының (тікелей немесе жанама) әсер ету ауқымы қандай, ғылыми зерттеу жобасын іске асыру неге әкеледі;
8. 8-бағанда әрбір іс-шараның болжалды құны, сондай-ақ ұсынылған қаржыландыру жоспары көрсетіледі.
