Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 600-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 қарашада № 37367 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15403 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогын жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 20-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогын (бұдан әрі – Мемлекеттік каталог) жүргізу тәртібін айқындайды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік каталогты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық музей) жүргізеді.

      5. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар (бұдан әрі – музейлер) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін электрондық жеткізгіштерде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтауға қабылданған музей заттары және музей коллекциялары жөніндегі мәліметтерді Мемлекеттік каталогқа енгізу үшін Ұлттық музейге жібереді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер осы Қағидалардың 6-тармағында берілген мәліметтер анық емес және (немесе) толық болмаса, Ұлттық музей осы Қағидалардың 5-тармағына көрсетілген мерзімде музейлерге музей заттары және музей коллекциялары туралы қосымша мәліметті хат келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттілігін хатпен (еркін нысанда) хабарлайды.

      9. Мемлекеттік каталогтан музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтерді алып тастау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35961 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығына 21-қосымшаға сәйкес музей заттарын және музей коллекцияларын есептен шығару туралы актінің негізінде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы" № 146-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35961 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығында:

      21-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2025 жылғы 6 қарашадағы № 600-НҚ
бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
музей қорының музей заттарын
есепке алу, сақтау, пайдалану
және есептен шығару
нұсқаулығына
21-қосымша

"Келісемін"
_______________________
(мекеменің толық атауы,
уәкілетті тұлғаның лауазымы,
ТАӘ (бар болған жағдайда)
20__ жылғы "____" _______
 

"Бекітемін"
Музей директоры
______________________
(музейдің толық атауы)
20__ жылғы "____" ______
 

Музей заттарын және музей коллекцияларын есептен шығару туралы акт № 20___жылғы "____" ___________

      Комиссия төрағасы __________________________________________________

      ТАӘ (бар болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері: _________________________________________________

      (Барлық комиссия мүшелерінің ТАӘ (бар болған жағдайда)

      келесі музей заттарын және музей коллекцияларын есептен шығару туралы үш данада осы актіні жасады

№ р/с

Атауы және қысқаша сипаттамасы

Саны

Түгендеу нөмірі

Сақталу жағдайы

Фотосуреті

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

      Негізі: Музей комиссиясының 20__ жылғы "__" ____ №__ хаттамасы.

      Барлығы _____________________________________сақтау бірлік (сандармен және жазумен)

      Комиссия төрағасы: _______________________________________

      (қолы, аты-жөні, тегі (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады