"Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37297 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-226/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21717 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тіркелімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) республикалық трансплантаттауды үйлестіруші – Үйлестіру орталығының штаттағы қызметкері болып табылатын, өңірлік трансплантаттауды үйлестірушілердің жұмысын үйлестіруді және Қазақстан Республикасындағы трансплантаттау мен донорлықты дамыту мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін дәрігер;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ДРЕМАЖ-ға кіруге:

      1) үйлестіру орталығының;

      2) трансплантаттау орталықтарының;

      3) тіндік типтеу зертханаларының рұқсаты бар.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Республикалық трансплантаттауды үйлестіруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде пациентті ықтимал реципиенттердің тіркеліміне енгізуге өтінімді қарайды. Қарау қорытындысы бойынша өтінім қабылданады не қабылдаудан бас тартылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тіркелімдерге енгізілген және алынған мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және оларды:

      1) тіркелімдердің уақтылы жүргізілуін бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органға;

      2) медициналық қызмет бейініне сәйкес ағзаларды (ағзаның бөлігін), тіндерді (тіннің бөлігін), гемопоэздік, мезенхималық дің жасушаларын, иммундық жүйе жасушаларын, лимфоциттерді, консервацияланған мөлдірқабық тіндерін және гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық трансплантаттау қызметтерін көрсету жөніндегі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде мемлекеттік медициналық ұйымдарда, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі медициналық ұйымдарда, сондай-ақ "Назарбаев университеті" медициналық ұйымдарына;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа органдар мен ұйымдарға ұсыну жағдайларын қоспағанда, үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады