ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы, сондай-ақ сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16408 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 13), 13-1), 13-2) және 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтері мен міндеттемелері туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымша осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 қазандағы № 648 Бұйрыққа 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 1-қосымша нысан |
Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы 20__ жылғы "__" _____ бастап 20__ жылғы "__"_____ аралығындағы кезең үшін мәліметтер
№ | Салық төлеуші | Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Банк шотының түрі | Банк шотының валютасы | Банк шотының нөмірі | Есепті кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шотындағы ақша қалдығы | |||
ЖСН/БСН | тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы | БСН | БСК | атауы | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
_______________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
________________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы)
Ескертпе:
аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмері;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмері;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Көрсетілген мәліметтерді ұсыну мерзімі – мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
| "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 13) және 13-1) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 6-1 және 6-2-тармақтарына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы туралы мәліметтерді алу болып табылады.
2. Нысанды банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер бойынша мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде толтырады және ұсынады.
3. Нысан активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну міндеттемесі туындаған жеке тұлғаға жіберіледі.
2-тарау. "Банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмері/бизнес-сәйкестендіру нөмері (бұдан әрі - ЖСН/БСН) көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында банк шотының түрі көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында банк шотының валюта түрі көрсетіледі.
12. Нысанның 9-бағанында салық төлеушінің банк шотының нөмірі көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында есепті кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шотындағы ақша қалдығы кезең басындағы банк шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 қазандағы № 648 Бұйрыққа 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 2-қосымша нысан |
Банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы 20__ жылғы "__"_____ бастап 20__ жылғы "__"_____ аралығындағы кезең үшін мәліметтер
№ | Салық төлеуші | Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақша қозғалысы | ||||||||
ЖСН/ БСН | тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/атауы | банк шотына ақшаның түсуі | ||||||||
күні | төлем сомасы | ақшаны жөнелтуші | жіберуші банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі бөлімшесінің деректемелері | төлемнің мақсаты | ||||||
ЖСН/ БСН | атауы | БСН | БСК | атауы | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
банк шотынан ақшаның аударылуы | |||||||
күні | төлем сомасы | бенефициар | банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының деректемелері | төлемнің мақсаты | |||
ЖСН /БСН | атауы | БСН | БСК | атауы | |||
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
________________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
________________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы)
Ескертпе:
аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
"Банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Көрсетілген мәліметтерді ұсыну мерзімі – мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
| "Банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер" нысанына қосымша |
"Банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметті жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 13) және 13-2) тармақшаларына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1-тармағына сәйкес әзірленді. Нысанды жүргізудің негізгі міндеті банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтерді алу болып табылады.
2. Нысанды банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.
3. Нысан банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарына тексерілетін жеке тұлғаға қатысты салықтық тексеру кезінде жіберіледі. Басқа жағдайларда ақшаның қозғалысы туралы мәлімет жалпы сомамен (айналыммен) ұсынылады.
4. Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде Нысан құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті күнтізбелік жыл ішінде сатып алуына байланысты кірістер туралы декларацияны ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаларға қатысты жіберіледі.
2-тарау. "Банк шоттарындағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі/бизнес-сәйкестендіру салық төлеушінің нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН).
7. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)/салық төлеушінің атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында банк шотына ақшаның түскен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында банк шотына түскен төлемінің сомасы көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында ақша жөнелтушiнің ЖСН/БСН-і көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында ақша жөнелтушiнің атауы көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында ақша жөнелтушi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің БСН-і көрсетіледі.
13. Нысанның 9-бағанында ақша жөнелтушi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.
14. Нысанның 10-бағанында ақша жөнелтушi банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
15. Нысанның 11-бағанында банк шотына түскен ақша төлемінің мақсаты көрсетіледі.
16. Нысанның 12-бағанында ақша жөнелтушi-салық төлеушінің банк шотынан ақшаның аударылған күні көрсетіледі.
17. Нысанның 13-бағанында ақша жөнелтушi-салық төлеушінің банк шотынан аударылған ақша төлемінің сомасы көрсетіледі.
18. Нысанның 14-бағанында бенефициардың ЖСН/БСН көрсетіледі.
19. Нысанның 15-бағанында бенефициардың атауы көрсетіледі.
20. Нысанның 16-бағанында бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің БСН көрсетіледі.
21. Нысанның 17-бағанында бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің БСК көрсетіледі.
22. Нысанның 18-бағанында бенефициар банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
23. Нысанның 19-бағанында ақша жөнелтушiнің банк шотынан аударған төлемнің мақсаты көрсетіледі.
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 30 қазандағы № 648 Бұйрыққа 3-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығына 3-қосымша нысан |
20__ жылғы "__" _________ бастап 20__ жылғы "__" _________ аралығындағы кезең үшін сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер
№ | Жеке тұлға бойынша мәліметтер | Кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері | Кредит берілген күні | |||
ЖСН | тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) | БСН | БИК | атауы | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы
Кредит беру туралы шарттың нөмірі және күні | Банк шотының нөмірі | Банк шотының валютасы | Берілген кредит сомасы | Шарт бойынша белгіленген лимит сомасы | Кезең басындағы кредит сомасының қалдығы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Негізгі қарыздың төлеген сомасы | Төленген сыйақы сомасы | Төленген өсімпұл сомасы | Кредит сомасының қалдығы | Кредит түрі | ||
негізгі қарыз | сыйақы | өсімпұл | ||||
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
________________________________________________________________________________
(нысанды жасауға жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта көрсетілсе), қолы)
________________________________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы)
Ескертпе:
аббревиатуралардың ашып жазылуы:
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Көрсетілген мәліметтерді ұсыну мерзімі – мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
"Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабының 14) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 50-бабы 6-2-тармағына сәйкес әзірленді.
Нысанды жүргізудің негізгі міндеті сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді алу болып табылады.
2. Нысанды сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерге салық органының сұрау сауалын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырады және ұсынады.
3. Нысан активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша жіберіледі.
2-тарау. "Сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған, жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер" нысанын толтыру бойынша түсіндірме
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
5. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
6. Нысанның 3-бағанында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.
7. Нысанның 4-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
8. Нысанның 5-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі.
9. Нысанның 6-бағанында кредит берілген банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атауы көрсетіледі.
10. Нысанның 7-бағанында кредит берілген күні көрсетіледі.
11. Нысанның 8-бағанында кредит беру туралы шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Мәліметтер шарттар бөлінісінде жеке ұсынылады.
12. Нысанның 9-бағанында жеке тұлғаның банк шотының нөмірі көрсетіледі.
13. Нысанның 10-бағанында жеке тұлғаның банк шоты валютасының түрі көрсетіледі.
14. Нысанның 11-бағанында жеке тұлғаға берілген кредит сомасы көрсетіледі.
15. Нысанның 12-бағанында шарт бойынша белгіленген лимит сомасы көрсетіледі.
16. Нысанның 13-бағанында кезең басындағы кредит сомасының қалдығы көрсетіледі.
17. Нысанның 14-бағанында сұратылған кезең соңында төленген негізгі қарыздың сомасы көрсетіледі.
18. Нысанның 15-бағанында сұратылған кезең соңында төленген сыйақы мөлшері көрсетіледі.
19. Нысанның 16-бағанында сұрау салынған кезең соңында төленген өсімпұл сомасы көрсетіледі.
20. Нысанның 17-бағанында кредиттің негізгі қарыз сомасының қалдығы көрсетіледі.
21. Нысанның 18-бағанында кредиттің сыйақы сомасының қалдығы көрсетіледі.
22. Нысанның 19-бағанында кредиттің өсімпұл сомасының қалдығы көрсетіледі.
23. Нысанның 20-бағанында кредиттің түрі көрсетіледі.
