БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14312 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларында:
4-қосымшада реттік нөмірі 4-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. Құрылыс салушы-компаниясының жұмыс тәжірибесі (1-ден 10 балға дейін) | Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданының (шаршы метрлерінің) көлемі немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (шаршы метрлерінің) көлемі 1-ден 10 балға дейін | Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада салу кезінде, мың шаршы метр | Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктерде салу кезінде, мың шаршы метр | баллдар |
10-нан 20-ға дейін | 5-тен 10-ға дейін | 1 | ||
20-дан 30-ға дейін | 10-нан 15-ке дейін | 2 | ||
30-дан 40-қа дейін | 15-тен 20-ға дейін | 3 | ||
40-тан 50-ге дейін | 20-дан 25-ке дейін | 4 | ||
50-ден 60-қа дейін | 25-тен 30-ға дейін | 5 | ||
60-тан 70-ке дейін | 30-дан 35-ке дейін | 6 | ||
70-тен 80-ге дейін | 35-тен 40-қа дейін | 7 | ||
80-нен 90-ға дейін | 40-тан 45-ке дейін | 8 | ||
90-нан 100-ге дейін | 45-тен 50-ге дейін | 9 | ||
100-ден жоғары | 50-ден жоғары | 10 |
| ". |
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
