БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды төлемдер жасау арқылы ұйымдастыруға өндірушілерден және импорттаушылардан келіп түскен ақшаны оның банктік шотына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
1-1) базалық өлшемшарттар – өтініш берушінің бірінші деңгейдегі жүйеде Қазақстан Республикасының аумағында құқық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігін иелену (дара кәсіпкер үшін) және өз қызметін жүзеге асыру бойынша қаржы-шаруашылық қызметтің банкроттық, таратылу және (немесе) тоқтата тұру рәсімдеріне жатпайтын және экономикалық қызмет түрлерінің жалпы классификаторына сәйкес қызметін жүзеге асыру бойынша оған ақша төлеу туралы шешім қабылдау үшін сәйкестігіне қойылатын талаптар;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – қаржы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;";
4-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – 1-ақпараттық жүйе) – пайдаланудан шыққан көлік құралын және пайдаланудан шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін арналған өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының ақпараттық жүйесі, ол екінші деңгейдегі салалық ақпараттық жүйесі өтініш берушілерден өтінімдерді қабылдап, оларды форматты-логикалық бақылау арқылы өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беруді жүзеге асырады;";
4-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"19) пайдаланудан шыққан көлік құралын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – 2-ақпараттық жүйе) – пайдаланудан шыққан көлік құралын, сондай-ақ өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру үшін арналған Оператордың ақпараттық жүйесі, ол екінші деңгейдегі салалық ақпараттық жүйесі өтініш берушілерден өтінімдерді қабылдап, оларды форматты-логикалық бақылау арқылы өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беруді жүзеге асырады";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 37-1) тармақшамен толықтырылсын:
"37-1) тіркеуші ақпараттық жүйе (бұдан әрі – бірінші деңгейдегі жүйе) – түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы өтініш берушінің базалық өлшемшарттарға сәйкестігі және оған оператордың ақша жіберуі туралы шешімін қабылдайтын, өтініш берушілердің өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, ақпараттық жүйемен интеграцияланған жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларының мониторингі жүйесі 1";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:
38-1) тіркеуші – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлікті және оларды алушыларды мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мониторингін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін заңды тұлға.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 40), 41) тармақшалармен толықтырылсын:
"40) форматты-логикалық бақылау – екінші деңгейдегі жүйені тіркеушінің, мемлекеттік органдардың және операторлардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау жолымен мемлекеттік қолдау шараларын алушы бойынша мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын тексеруге бағытталған екінші деңгейдегі жүйеде белгіленетін бағдарламалық шектеулер кешені;
41) форматтан кейінгі-логикалық бақылау – мемлекеттік қолдау шарасын алушының базалық өлшемшарттарға және оған ақша төлеудің негізділігіне сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған бірінші деңгейдегі жүйеде белгіленетін бағдарламалық шектеулер кешені.";
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Төлемдер мемлекеттік қолдаудың екі деңгейлі жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады:
1) бірінші деңгей – түпкілікті форматтан кейінгі-логикалық бақылау арқылы мемлекеттік қолдау шараларын алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігі айқындалатын, мемлекеттік қолдау шараларын алушылардың өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын, екінші деңгейдегі жүйелермен интеграцияланған тіркеу ақпараттық жүйесі;
2) екінші деңгей – мемлекеттік қолдау шараларын алушылардан өтінімдерді қабылдау, оларды форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер.";
мынадай мазмұндағы 129-1-тармақпен толықтырылсын:
"129-1. Өтініш беруші ПШКҚ және (немесе) ПШӨЖАШТ тапсыруға өтініш беруші ЭЦҚ-сымен қол қойған электрондық құжат нысанында өтінім берген кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім береді.".
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. |
Н. Шарбиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш министрлігі
Қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау және (немесе) қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері Операторының ақпараттық жүйесінде үлгілік шарт жасасуға өтінім _______________________________________ (бұдан әрі – Өтініш беруші) (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Қызмет түрі:__________
Қалдықтардың түрі:_______________
Шарт жасасу үшін құжаттарды қарауды сұраймын (керегін таңдау):
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдердің үлгілік шарты;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері Операторының ақпараттық жүйесінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратқаны үшін төлемдердің үлгілік шарты;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдердің үлгілік шарты.
Өндірушілерден және импорттаушылардан оның банктік шотына түскен өндірушілердің (импорттаушылардың) өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе)кәдеге жаратуды ұйымдастыруға кеңейтілген міндеттемелерін Оператордың ақша жіберуі қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) ережелеріне құжаттардың сәйкестігін және мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Заңмен қорғалатын құпияны және (немесе) өзге де құпия ақпаратты құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар шеңберінде дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Өтініш берушіге қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдері басталмағанын, өтініш берушінің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмағанын растаймын.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Құжаттарды ұсынамын (қажетін таңдау):
Қағидалардың __ тармағына сәйкес қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін;
Қағидалардың __ тармағына сәйкес қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін;
Қағидалардың __ тармағына сәйкес қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату жөніндегі қызметті толық цикл бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері үшін.
Уәкілетті тұлғаның
электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылды.
Күні (күні, айы, жылы)
Нысан
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдердің үлгілік шартына ______ жылғы "___"_____________ № ___ қосылу туралы өтініші
Жеке кәсіпкер (толық аты-жөні немесе атауы) ______ / заңды тұлға (ұйымдық-құқықтық нысаны және толық немесе қысқартылған атауы) _____________ бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ________________ (бұдан әрі – Өтініш беруші) – Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау үшін төлемдердің үлгілік шартына толық цикл бойынша қосылу туралы осы өтінішке қол қою арқылы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы жарғы/сенімхат/талон негізінде әрекет ететін (бұдан әрі – Өтініш пен Шарт тиісінше) Оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылған шартқа қосылады және оны келесімен растайды:
1) шартта қамтылған, Шарттың және өзге де құжаттардың талаптарымен таныстым және келісемін;
2) Оператормен жасалған шарттың орындалуына қатысты өз әрекеттерінің мағынасын, құқықтық және өзге де салдарын толық түсінеді;
3) өтініш беруші Оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған өтініш, Шарттың акцепті болып табылады;
4) өтініш Оператор мен Өтініш беруші арасында шарт жасасу фактісін растайтын құжат болып табылады, өтініш пен Шарт бірыңғай құжат ретінде қаралады;
5) егер Оператордың ақпараттық жүйесінде осы өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылса, шарт алушының оқылмағанының / қабылданбағанының дәлелі ретінде Оператордың лауазымды адамдарының қолы мен шартта мөрдің жоқтығына сілтеме жасауға құқылы емес;
6) төлемдерді алуға байланысты өзінің барлық іс-әрекеттерін (процестерін) көрсетуге және Оператордың ақпараттық жүйесінде Қағидалардың, Түсіндірмелер мен Шарттың нормаларының орындалуын растайтын барлық құжаттарды орналастыруға келісемін;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Оператордың ішкі актілеріне сәйкес Операторға дербес деректерді жинау және өңдеу құқығын беруге келісемін;
8) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін;
9) Оператор төмендегі көрсетілгендер бойынша түпкілікті ақпарат берді:
тараптардың өзара іс-қимыл шарттары;
шарт бойынша төлемдердің мөлшері мен тәртібі;
үшінші тұлғалармен қарым-қатынас;
шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда салдарлар мен жауапкершілік және ықтимал тәуекелдер туралы;
Оператордың ақпараттық жүйесінде өтініш берушінің өтінішке қол қойған күнінен кейінгі ең жақын жұмыс күні шарт жасасу күні болып есептеледі.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылды.
Нысан
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратқаны үшін төлемдердің үлгілік шартына ______ жылғы "___"_____________ №___ қосылу туралы өтініші
Жеке кәсіпкер (Толық аты-жөні немесе атауы (бар болса)) ______ /заңды тұлға (ұйымдық-құқықтық нысаны және толық немесе қысқартылған атауы) __________ бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _____________ (бұдан әрі – Өтініш беруші) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес Оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылған жарғы/сенімхат/дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы талон негізінде қолданыстағы Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратқаны үшін төлемдердің үлгілік шартына (бұдан әрі – Өтініш пен Шарт) қол қою арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) Оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылған шартқа қосылады және оны келесімен растайды:
1) шартта қамтылған, Шарттың және өзге де құжаттардың талаптарымен таныстым және келісемін;
2) Оператормен жасалған шарттың орындалуына қатысты өз әрекеттерінің мағынасын, құқықтық және өзге де салдарын толық түсінеді;
3) өтініш беруші Оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған өтініш Шарттың акцепті болып табылады;
4) өтініш, Оператор мен Өтініш беруші арасында шарт жасасу фактісін растайтын құжат болып табылады, өтініш пен Шарт бірыңғай құжат ретінде қаралады;
5) егер Оператордың ақпараттық жүйесінде осы өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылса, шарт алушының оқылмағанының / қабылданбағанының дәлелі ретінде Оператордың лауазымды адамдарының қолы мен шартта мөрдің жоқтығына сілтеме жасауға құқылы емес;
6) төлемдерді алуға байланысты өзінің барлық іс-әрекеттерін (процестерін) көрсетуге және Оператордың ақпараттық жүйесінде Қағидалардың, Түсіндірмелер мен Шарттың нормаларының орындалуын растайтын барлық құжаттарды орналастыруға келісемін;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Оператордың ішкі актілеріне сәйкес Операторға дербес деректерді жинау және өңдеу құқығын беруге келісемін;
8) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін;
9) Оператор төмендегі көрсетілгендер бойынша түпкілікті ақпарат берді:
тараптардың өзара іс-қимыл шарттары;
шарт бойынша төлемдердің мөлшері мен тәртібі;
үшінші тұлғалармен қарым-қатынас;
шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда салдарлар мен жауапкершілік және ықтимал тәуекелдер туралы;
Оператордың ақпараттық жүйесінде өтініш берушінің өтінішке қол қойған күнінен кейінгі ең жақын жұмыс күні шарт жасасу күні болып есептеледі.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылды.
Нысан
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды (толық циклды) жинау, сұрыптау, өңдеу, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, қайта өңдеу, залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату үшін төлемдердің үлгілік шартына _____ж. №______ қосылу туралы өтініші
Жеке кәсіпкер (Толық аты-жөні немесе атауы) ________ /заңды тұлға (ұйымдық-құқықтық нысаны және толық немесе қысқартылған атауы) ___________ бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі ___________ (бұдан әрі – Өтініш беруші) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабына сәйкес Жарғы/сенімхат/жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы талон негізінде әрекет ететін, өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды толық цикл бойынша қайта пайдалануға, өңдеуге, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға және (немесе) кәдеге жаратуға дайындау үшін төлемдердің үлгілік шартына (бұдан әрі – Өтініш пен Шарт) қол қою арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) Оператордың ақпараттық жүйесінде орналастырылған шартқа қосылады және оны келесімен растайды:
1) шартта қамтылған, Шарттың және өзге де құжаттардың талаптарымен таныстым және келісемін;
2) Оператормен жасалған шарттың орындалуына қатысты өз әрекеттерінің мағынасын, құқықтық және өзге де салдарын толық түсінеді;
3) өтініш беруші Оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған өтініш, Шарттың акцепті болып табылады;
4) Өтініш, Оператор мен Өтініш беруші арасында шарт жасасу фактісін растайтын құжат болып табылады, өтініш пен Шарт бірыңғай құжат ретінде қаралады;
5) егер Оператордың ақпараттық жүйесінде осы өтінішке электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылса, шарт алушының оқылмағанының / қабылданбағанының дәлелі ретінде Оператордың лауазымды адамдарының қолы мен шартта мөрдің жоқтығына сілтеме жасауға құқылы емес;
6) төлемдерді алуға байланысты өзінің барлық іс-әрекеттерін (процестерін) көрсетуге және Оператордың ақпараттық жүйесінде Қағидалардың, Түсіндірмелердің және Шарттың талаптарының орындалуын растайтын барлық құжаттарды орналастыруға келісемін;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Оператордың ішкі актілеріне сәйкес Операторға дербес деректерді жинау және өңдеу құқығын беруге келісемін;
8) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тіркеушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісемін;
9) Оператор төмендегі көрсетілгендер бойынша түпкілікті ақпарат берді:
тараптардың өзара іс-қимыл шарттары;
шарт бойынша төлемдердің мөлшері мен тәртібі;
үшінші тұлғалармен қарым-қатынас;
шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайда салдарлар мен жауапкершілік және ықтимал тәуекелдер туралы.
Оператордың ақпараттық жүйесінде өтініш берушінің өтінішке қол қойған күнінен кейінгі ең жақын жұмыс күні шарт жасасу күні болып есептеледі.
Электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылды.
