Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 297-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 қазанда № 37171 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабының 1 - тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
2025 жылғы 15 қазандағы
№ 297-НҚ бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20041 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 150-НҚ бұйрығы.

      3. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 10 ақпандағы № 18-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 272-НҚ бұйрығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады