ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының мобильді қосымшаны пайдалана отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек есебіне кепілге қойған мүлікті өткізуге байланысты рәсімді оңайлату шараларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң және 2026 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев | 
| Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 17 қазандағы № 915 бұйрығына қосымша | 
Мемлекеттік кірістер органдарының мобильді қосымшаны пайдалана отырып, салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек есебіне кепілге қойған мүлікті өткізуге байланысты рәсімді оңайлату шараларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер және мемлекеттік кірістер органдарының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өтеу мақсатында салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті мобильдік қосымшаны пайдалана отырып өткізу рәсімін жеңілдету шараларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының салық төлеуші кепілге қойған мүлікті (бұдан әрі – объект) мобильдік қосымшаны пайдалана отырып өткізу рәсімін жеңілдету шараларын қолдану жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске асыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.
2. Пилоттық жоба объектіні бағалау мақсатында мобильдік қосымшаны қолдану арқылы объектіні іске асыруға байланысты рәсімді жеңілдетуді көздейді.
3. Осы қағидалар мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) "QQ bagalau" мобильдік қосымшасы – объектінің нарықтық құнын айқындау мақсатында әзірленген мобильдік қосымша (бұдан әрі – мобильдік қосымша); рәсімін жеңілдету
2) мемлекеттік кірістер органдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық органдары.
4. Пилоттық жоба 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының аумағында іске асырылады.;
5. Пилоттық жобаның қатысушылары:
1) "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі –ПҚҚ АҚ);
2) мемлекеттік кірістер органдары;
3) мобильдік қосымшаны әзірлеумен айналысатын компания (бұдан әрі – келісім бойынша әзірлеуші);
4) бағалаушы;
5) салық төлеушілер;
6) үшінші тұлғалар (мүлікті кепілге бергендер).
2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдары салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті өтеу үшін кепілге қойған мүлікті іске асыру рәсімін жеңілдету шараларын мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы қолдану жөніндегі жобаны іске асыру тәртібі мен қатысушылардың функциялары
6. Пилоттық жоба аясында салық төлеуші:
1) мемлекеттік кірістер органына объект туралы мәлімет береді;
2) пилоттық жобаны іске асыру тәртібі бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан түсіндірме алады.
6. Мемлекеттік кірістер органдары пилоттық жобаға қатысушылардан объектіні бағалау мен өткізуге байланысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыруға қатысты өзге де мәліметтер мен құжаттарды сұратады.
7. Мемлекеттік кірістер органдары:
1) пилоттық жобаға қатысушылардан объектіні бағалау және іске асыруға байланысты мәліметтер мен құжаттарды сұратады;
2) пилоттық жобаның қатысушыларына пилоттық жобаны өткізуге байланысты мәселелер бойынша түсіндірулер мемлекеттік кірістер органдарының ресми дереккөздеріне жүгінген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде беріледі;
3) мобильдік қосымшаға ақпарат енгізу кезінде мобильдік қосымшаның пайдаланушы нұсқаулығын қатаң сақтайды.
8. Әзірлеуші:
1) мемлекеттік кірістер органдарынан пилоттық жобаны іске асыру тәртібі бойынша түсіндірме алады;
2) мобильдік қосымшаның жұмысын қамтамасыз етеді, фото-видео файлдарды, мәліметтерді сапалы жүктеу және бағалаушының объектіні бағалау туралы есепті қалыптастыруы үшін;
3) өткізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңының 1-бабының 9) тармақшасына және бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған жазбаша құжат болып табылатын бағалау туралы есепті "ПҚҚ" АҚ-қа жолдайды.
4) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңының 1-бабының 9) тармақшасына және бағалау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жасалған жазбаша құжат болып табылатын бағалау нәтижелері бойынша есепті "ПҚҚ" АҚ-қа жібереді.
9. Әзірлеуші объектіні бағалау үшін Қазақстан Республикасының "Бағалау қызметі туралы" заңына сәйкес бағалаушыны тартады.
10. Әзірлеуші мобильдік қосымшаны аналитикалық деректермен сапалы және дұрыс толтырады.
11. "ПҚҚ" АҚ және басқа қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарынан пилоттық жобаны іске асыру тәртібі бойынша түсіндірме алады.
12. "ПҚҚ" АҚ әзірлеушіден арнайы пошта арқылы келген мүлік тізбесі актілері мен оларға қосылған өндіріп алу туралы шешімдер, объектіні бағалау есебін алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды www.e-qazyna.kz интернет-ресурсында орналастырады.
13. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органы қызметкері мобильдік қосымшаны жүктеп, пайдаланушы ретінде авторизацияланады.
14. Мемлекеттік кірістер органы қызметкері мобильдік қосымшаға бағаланатын объекті туралы мәліметтерді енгізеді, фото және видео файлдарды мобильдік қосымшаның пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес тіркейді.
Фото-видео файлдар мобильдік қосымшаға жүктелгеннен кейін, пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес аналитикалық деректер негізінде бағалаушының объектіні бағалау туралы есебі қалыптасады.
15. Пилоттық жобаны жүзеге асыру кезінде жеке деректерді жинау, өңдеу және қорғау Қазақстан Республикасының "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес жүргізіледі.
 
           
          
