"Бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қазанда № 37152 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған отандық теле-, радиоарналардың тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауына тексереді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.";

      "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, шетелдік теле-, радиоарналардың өнімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәніне сараптама жүргізеді, қорытындылары бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.";

      "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы есепке қою туралы куәлікті алу үшін құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде өтініштің мазмұны тұрғысынан құжаттарды қарайды, есепке қойылған мерзімді баспасөз басылымдарының, интернет-басылымдарды тізілімінде атаудың бірдей болу-болмауын тексереді, қорытындысы бойынша есепке қою туралы куәлікті қалыптастырады.";

      "Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ
Бұйрығына 1 қосымша
"Отандық теле-, радиоарнаны
есепке қою, қайта есепке қою,
куәлігін беру" мемлекеттік
қызмет көрсету қағидаларына
  4-қосымша

"Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік), куәліктің осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www. mam. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) отандық теле-, радиоарнаны есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды), теле -, радиоарна меншік иесінің жеке кіреберісі бар үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес ұсынады;
2) отандық теле-, радиоарнаны қайта қою үшін көрсетілетін қызметті алушы порталға: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті (сұрау салуды) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысанын ұсынады;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы; Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші порталдан алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас теле-, радиоарнаны есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) теле -, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) меншік иесінің ауысуына орай теле -, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтініште теле-, радиоарнаға меншік құқықтарын басқа адамға беру туралы шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
4) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай теле-, радиоарнаны есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын теле-, радиоарнаның мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған теле-, радиоарналардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
5) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екендігі анықталса;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ
Бұйрығына 2 қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында таратылатын шетелдік
теле-, радиоарнаны есепке қою,
қайта есепке қою, куәлігін беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
  2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігінің беру" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 15 (он бес) күнтізбелік күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында таралатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) куәліктің осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі. портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www. mam. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының –ЭЦҚ-мен қол қойылған теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға) қоса бере отырып, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі – шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат;
2) Қайта есепке алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін – теле-, радиоарнаның меншік иесі - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;
кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; заңды тұлғалар үшін – сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірменің электрондық көшірмесі немесе құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, заңдастырылған басқа құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініш уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейді;
2) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, экстремизмді немесе терроризмді, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттауды немесе үгіттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнайы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино- және бейнеөнімдерді, сондай-ақ суицидті насихаттайтын ақпаратты қамтитын болса;
3) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытындының болуы;
4) шетелдік теле-, радиоарнаның өніміне қатысты оны Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімінің болуы;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) Порталда есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер жоқ болуы;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
8) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет -ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 15 қазандағы № 562-НҚ
Бұйрығына 3 қосымша
  "Мерзімді баспасөз басылымдарын,
интернет- басылымдарды
есепке қою немесе қайта есепке лу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша

"Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру Портал арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) не осы Қағидаларда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұмаға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің www. mam. gov. kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес) ұсынады;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды қайта есепке алу үшін (меншік иесінің ауысуына не ұйымдық-құқықтық нысанының, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдар атауының, негізгі тақырыптық бағыттылығы мен шығару мерзімділігінің, сондай-ақ тарату аумағының өзгеруіне байланысты) көрсетілетін қызметті алушы: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды (осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес);
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші Порталдан алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті берушінің бұрын сол атаумен және сол аумақта таралатын не оның атауы бұрын құрылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзімді баспасөз басылымына, интернет- басылымдарды есепке қойғаны туралы куәлікті беруі;
2) мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке алу туралы өтініштің мазмұны "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес келмейді;
3) меншік иесінің ауысуына орай мерзімді баспасөз басылымын, интернет- басылымдарды қайта есепке алу туралы өтініште мерзімді баспасөз басылымына, интернет-басылымдарды меншік құқықтарын басқа адамға беруді растайтын шарттың нөмірі мен күнінің көрсетілмеуі;
4) шығарылуын бұрын сот тоқтатқан атауы (атауының бір бөлігі) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымдарды есепке қоюдың мәлімделуі немесе атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың мәлімделуі, сондай-ақ шығарылуы сот шешімімен тоқтатылған мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымдардың меншік иесі немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде өтініш берген жағдайда;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы.
7) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәлеметтердің) дұрыс еместігін анықтағанда.
8) егер сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасының азаматы бас редактор болып табылса; "Масс-медиа туралы" Заңының 18 бабы.
9) егер тағайындау кезінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар Қазақстан Республикасының азаматы бас редактор болып табылса;
10) егер шетелдік не азаматтығы жоқ адам бас редактор болып табылса;
11) егер сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде, өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы және таратылуы сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторлары) болған Қазақстан Республикасының азаматы бас редактор болып табылса;
12) Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралының меншiк иесi – заңды тұлға немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушы заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) 20 пайызынан астамын шетелдiктердің және шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, оларға билiк етуiне және (немесе) оларды басқаруына тыйым салынады;
13) егер бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі болып табылатын заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысу акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) 20 пайыздан астамы болса.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www. mam. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады