ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен қаулы және бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 357-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының екiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi БҰЙЫРАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа Қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен қаулыны және бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын;
3) осы бірлескен қаулының және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулының және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының Бірінші орынбасарына және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының міндетін атқарушы | __________Е. Жамаубаев | 
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | __________М. Такиев | 
Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 357-бабының 2-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес әзірленген және екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кірісті айқындау тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге де қызмет – екінші деңгейдегі банктің кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу қызметіне жатпайтын өзге де қызметі;
2) кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу қызметі – дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның жеке меншік құқығына (жеке кәсіпкерлік) не дербес, бастамашыл қызметі шеңберінде мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына негізделген мүлікті пайдалануы, тауарларды өндіруі, сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі арқылы дара кәсіпкер мен заңды тұлғаның таза табыс алуы мақсатында екінші деңгейдегі банктердің дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға осы Қағидалардың 9-тармағында айқындалған кредиттерді (қарыздарды), лизингтік және өзге де қаржы құралдарын беруге байланысты қызметі.
Қағидаларда Салық кодексіне сәйкес қолданылатын өзге де ұғымдар пайдаланылады.
3. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын кіріс кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынған салық салынатын кірістен және екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен алынатын салық салынатын кірістен тұрады.
4. Осы Қағидалардың 12 және 24-тармақтарында көрсетілген шығыстарды қоспағанда, екінші деңгейдегі банктің шегерімге жатқызуға жататын шығыстарының сомасы үлестік салмақты қолдану жолымен немесе шығыстарды тікелей және жалпы шығындарға жіктеу жолымен пропорционалды әдіс бойынша екінші деңгейдегі банктің таңдауы бойынша айқындалады.
Екінші деңгейдегі банктер тікелей және жалпы шығыстарды жіктеуді салықтық есепке алу саясатындағы қызметтің ерекшелігіне қарай дербес жүзеге асырады.
Тікелей шығыстар тек кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке, бөлінетін санатқа немесе олармен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге де қызметке ғана толық көлемде жатқызылады.
2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынған салық салынатын кірісті айқындау тәртібі
1-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс немесе залал
5. Екінші деңгейдегі банктің кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметінен алынған салық салынатын кірісі мына формула бойынша айқындалады:

мұнда:
ССКкәсіп – екінші деңгейдегі банктің кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру қызметінен алынған салық салынатын кірісі;
ЖЖКкәсіп – осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктің кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру қызметінен алынған жиынтық жылдық кірісі;
Азкәсіп – кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру қызметіне жататын ЖЖКкәсіп азайту;
Кткәсіп – Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын, кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру қызметіне жататын ЖЖКкәсіп түзету;
Шкәсіп – осы Қағидалардың 2-тарауының 5-параграфына сәйкес айқындалатын шегерім;
Шт – шегерімді түзету;
Үлес салмағы – осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалатын үлес салмағы.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған оң мән кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі банк қызметі бойынша алынған салық салынатын кіріс деп танылады.
7. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес формуланы қолдану кезінде алынған теріс мән кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен болған залал деп танылады.
2-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жиынтық жылдық кіріс
8. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын қызметтен түсетін кірістер кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметпен немесе екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге де қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысын ескере отырып, толық көлемде бөлінеді.
9. Екінші деңгейдегі банктің кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметінен түсетін жиынтық жылдық кірісі (бұдан әрі – ЖЖКкәсіп) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру қызметіне жататын кірістің мынадай түрлерін қамтиды:
1) Өткізуден түсетін кіріс:
кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кіріс, оның ішінде кредиттерге (қарыздарға) қызмет көрсеткені және сүйемелдегені үшін комиссиялық кірістер;
кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген лизинг шарты бойынша мүлікті беру бойынша сыйақы түріндегі кіріс;
кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде факторинг, форфейтинг, аккредитив, кредиттік желі, кепілдік, кепілгерлік операциялары бойынша кірістер;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредит (қарыз) бойынша берілген немесе борышкер таныған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
3) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредит (қарыз) бойынша Салық кодексінің 321-бабына сәйкес талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
4) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредит (қарыз) бойынша оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредит (қарыз) бойынша бағамдық айырманы тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, салық кезеңі ішінде алынған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі қорытынды (сальдо) нәтиже осы Қағидалардың 15-тармағында айқындалған үлес салмағын қолдану жолымен бөлінеді;
5) Салық кодексінің 323-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банк құрған және кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын провизиялар (резервтер) мөлшерінің төмендеуінен түсетін кіріс.
3-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жылдық жиынтық кірісті азайту
10. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен алынатын салық салынатын кірісті айқындау мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жиынтық жылдық кіріс (бұдан әрі – ЖЖКкәсіп) жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкімет болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымнан бұрын осындай ұйымға берілген кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты екінші деңгейдегі банктің талап ету құқығын басқаға беруден түскен кірістеріне азайтылады.
4-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жылдық жиынтық кірісті түзету
11. Салық кодексінің 256-бабы 2-тармағында белгіленген жағдайларда кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын, бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салық кезеңі кірісінің мөлшерін ұлғайту немесе азайту кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жылдық жиынтық кірісті түзету деп танылады.
5-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен шегерімдер
12. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредиттер бойынша резервтік қорларға аударымдар кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен толық көлемде шегерімдерге жататын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет бойынша шығыстар болып табылады.
13. Есепке алу саясатында шығыстарды тікелей және жалпы шығындарға жіктеу әдісін таңдаған жағдайда:
1) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстар;
2) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке байланысты жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын жұмыскерлердің есептелген кірістері және жұмыс берушінің жекелеген шығыстары бойынша шығыстар;
3) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беруге байланысты банк қызметіне қатысатын қызметкердің пайдасына түсетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының аударымдары;
4) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет шеңберінде берілген кредит (қарыз) бойынша оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының асып кетуі. Егер бағамдық айырманы тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша салық төлеушінің кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жатқызуға болмайтын болса, теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі салық кезеңі үшін алынған қорытынды (сальдоланған) нәтиже осы Қағидалардың 15-тармағында айқындалған үлес салмағын қолдану арқылы бөлуге жатады;
5) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын өкілдік шығыстардың сомалары;
6) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру және қызмет көрсету жөніндегі қызметке жататын басқа да шығыстар кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет бойынша шегерімдерге жататын тікелей шығыстар болып табылады.
Осы тармақта айқындалған шығыстарды тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша бөлінетін санаттарға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, осы шығыстар жалпы шығыстардың құрамына енгізілуге және осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған үлес салмағын қолдану арқылы екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет пен өзге де қызмет арасында бөлінуге жатады.
14. Жалпы шығыстар осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған үлес салмағын қолдану жолымен кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет пен екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге де қызмет арасында бөлінуге жатады.
15. Үлес салмақ Салық кодексінің 323-бабына сәйкес екінші деңгейдегі банк құрған провизиялар (резервтер) мөлшерінің төмендеуінен түсетін кірістерді және оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі кірістерді есепке алмағанда екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын қызметтен түсетін екінші деңгейдегі банктің жалпы жиынтық жылдық кірісіндегі осы Қағидалардың 9-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған сома мөлшерінде кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірісінің үлес салмағы ретінде айқындалады.
Жалпы жиынтық кіріс кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен және екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге де қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірісті қосу жолымен айқындалады.
Салық төлеуші (салық агенті) үлес салмақтың мәнін үлестің жүзден бір бөлігіне дейінгі пайызбен (0,01%) айқындайды.
16. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын шегерімдер (Шкәсіп) мына формула бойынша айқындалады:

Шжалпы – Салық кодексінің 26-тарауына сәйкес есепті салық кезеңінде салық төлеуші қолданған барлық шегерімдердің сомасы;
Штшкәсіп – осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес айқындалған кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын шегерімдер сомасы;
Штшөзге – осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге де қызметке жататын шегерімдер сомасы;
Үлес салмақ – осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған үлес салмағы.
6-параграф. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын шегерімдерді түзету
17. Салық кодексінің 288-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда есепті салықтық кезеңдегі шегерімдердің мөлшерін бұрын танылған шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын шегерімдерді түзету деп танылады.
3-тарау. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен алынатын салық салынатын кірісті айқындау тәртібі
1-параграф. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен алатын салық салынатын кіріс немесе залал
18. Екінші деңгейдегі банктің екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен алатын салық салынатын кірісі (ССКөзге) мынадай формула бойынша айқындалады:

мұнда:
ССКөзге – екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен алатын салық салынатын кірісі;
ЖЖКөзге – осы Қағидалардың 3-тарау 2-параграфына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктің екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен алатын жиынтық жылдық кірісі;
Азөзге – кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын азайтуларды қоспағанда, ЖЖКөзге азайту;
Ктөзге – кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жатпайтын, Салық кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын ЖЖКөзге түзету;
Шөзге – осы Қағидалардың 3-тарау 5-параграфына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен шегерімдер сомасы;
Шт – шегерімдерді түзету;
Үлес салмақ – осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған үлес салмақ.
19. Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес формуланы қолдану арқылы алынған оң мән екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен түсетін салық салынатын кіріс деп танылады.
20. Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес формуланы қолдану арқылы алынған теріс мән екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен залал деп танылады.
2-параграф. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен түсетін жиынтық жылдық кіріс
21. Екінші деңгейдегі банктің екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірісіне (ЖЖКөзге) кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын кірістерді қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес кірістің барлық түрі жатады.
3-параграф. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірісті азайту
22. Өзге қызметтен түсетін салық салынатын кірісті айқындау мақсатында өзге қызметтен түсетін жиынтық жылдық кіріс кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірістің азаюына жататын азайтуларды есепке алмағанда, Салық кодексінің 255-бабына сәйкес азайтылуға жатады.
Параграф 4. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірісті түзету
23. Салық кодексінің 256-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметке жататын, бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салық кезеңі кірісінің мөлшерін ұлғайту немесе азайту өзге қызметтен түсетін жиынтық жылдық кірісті түзету деп танылады.
5-параграф. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша шегерімдер
24. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша толық көлемде шегерімдерге жататын, екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша шығыстар екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша резервтік қорларға аударымдар болып табылады.
25. Есепке алу саясатында тікелей және жалпы шығыстарды жіктеу әдісін таңдаған жағдайда, осы Қағидалардың 24-тармағында айқындалған шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 5-бөлімінің 26-тарауына сәйкес айқындалған, екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметке тікелей себеп-салдарлық байланысы бар шығыстар екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызмет бойынша тікелей шығыстар болып табылады.
Осы тармақта айқындалған шығыстарды тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша бөлінетін санаттарға жатқызу мүмкін болмаған жағдайда, осы шығыстар жалпы шығыстардың құрамына енгізілуге және осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған үлес салмағын қолдану арқылы екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызмет пен өзге де қызмет арасында бөлінуге жатады.
26. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметке жататын шегерімдер (Шөзге) мынадай формула бойынша айқындалады:

мұнда:
Шжалпы – Салық кодексінің 26-тарауына сәйкес есепті салық кезеңінде салық төлеуші қолданған барлық шегерім сомасы;
Штшкәсіп – осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес айқындалған кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметке жататын шегерімдер сомасы;
Штшөзге – осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарына сәйкес айқындалған екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметке жататын шегерімдер сомасы;
Үлес салмақ – осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес айқындалған үлес салмақ.
6-параграф. Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметке жататын шегерімдерді түзету
27. Салық кодексінің 288-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда бұрын танылған шегерім сомасы шегінде есепті салық кезеңі шегерімдерінің мөлшерін ұлғайту немесе азайту екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын өзге қызметке жататын шегерімдерді түзету деп танылады.
 
           
          
