БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 32953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерлерінде:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе оған аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қорғалуға құқығы бар куәгерді, оған ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;";
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің бір сағаты үшін тиісті кезеңге бекітілген 0,78 айлық есептік көрсеткіш;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"қорғалуға құқығы бар куәгерді, қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе қылмыстық теріс қылық немесе оган онша ауыр емес не ауырлығы орташа қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның;";
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өтініштер, өтінішхаттар, процестік келісімдер, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдер, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздар, апелляциялық, кассациялық және өзге де арыздарға қарсылықтар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істерді қоспағанда, қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда, азаматтық талапкермен, азаматтық жауапкермен бітімгершілік келісімдер, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдер немесе дауды партисипативті тәртіппен реттеу туралы келісімдер, қорғалуға құқығы бар куәгерді, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау және олардың мүддесінде азаматтық талап қоюға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде пікір (қарсылық) білдірудің;".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
