БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 тамыздағы № 457 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 274 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24132 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Жер қойнауы ресурстары залалын экономикалық бағалау әдістемесінде:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Заңсыз өндірілген (жер қойнауынан алынған) пайдалы қазбалардың нақты көлемін немесе келтірілген зиянның өзге де сандық сипаттамасын айқындау үшін осы Әдістемені қолданатын адамдар қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда тиісті мамандарды, сарапшылар мен ұйымдарды тартуға құқылы.
Жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз алу (өндіру) нәтижесінде келтірілген залалды өндіріп алу мақсатында мемлекеттік органдар мен осы әдістемені қолданатын адамдар сол негіздер бойынша қозғалған тиісті қылмыстық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарынан, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті мамандар, сарапшылар мен ұйымдар ұсынған пайдалы қазбалардың көлемі мен құрамы бойынша қорытындыдан мәліметтерді ескереді.
Жер қойнауын заңсыз пайдалану, оның ішінде пайдалы қазбаларды заңсыз алу (өндіру) нәтижесінде келтірілген залалды экономикалық бағалау мөлшерін айқындау үшін қажетті мәліметтер жеткіліксіз болған жағдайда, пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органның, көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органның, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдары қосымша материалдар сұратады.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Заңсыз өндірілген пайдалы қазбалардың құнын айқындау үшін мәліметтердің болуына немесе болмауына қарай мынадай кезектіліктегі ақпарат көздері пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 757 бұйрығымен бекітілген Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 33067 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық);
2) биржалық баға белгіленімдері туралы ақпарат көздері;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жариялайтын ресми статистикалық ақпарат;
4) жер қойнауын пайдаланушылар өткен есепті кезең үшін мемлекеттік органдарға ұсынған лицензиялық/келісімшарттық шарттар міндеттемелерінің және жұмыс бағдарламасының (пайдалы қазбаларды ақшалай мәндегі және заттай көрсеткіштердегі өткізу көлемі бөлігінде) орындалуы туралы есептер;
5) ашық қолжетімділікке жататын нарықтық бағалар туралы басқа ұйымдардың деректері.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Мемлекеттік органдардың статистикалық ақпаратты немесе ресми танылған нарықтық бағалар туралы ақпарат көздерін ақпарат көзі ретінде пайдаланған кезде Бұйрыққа сәйкес пайдалы қазбаның нарықтық бағасы залал анықталған күнтізбелік айдағы бағаның мәні бойынша ескеріледі.";
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Пайдалы қатты қазбаларды өндіру кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
З = (ӨкӨқ) + (ӨкӨқБмм),
мұнда:
З – жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың мөлшері;
Өк – заңсыз өндірілген пайдалы қатты қазбалардың көлемі, тонна/текше метр;
Өқ – заңсыз өндірілген пайдалы қатты қазбалардың құны;
Бмм– залал мөлшері айқындалатын айдың бірінші жұмыс күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің мөлшері,%.";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Кең таралған пайдалы қазбаларды (бұдан әрі – КТПҚ) өндіру кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану нәтижесінде келтірілген залалдың мөлшері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен мынадай формула бойынша айқындалады:
З = (ӨкӨқ) + (ӨкӨқБмм),
мұнда:
З – жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың мөлшері;
Өк– заңсыз өндірілген пайдалы қазбалардың көлемі, тонна/текше метр;
Өқ – заңсыз өндірілген КТПҚ құны;
Бмм– залал мөлшері айқындалатын айдың бірінші жұмыс күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің мөлшері,%.";
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Көмірсутектерді өндіру кезінде жер қойнауын заңсыз пайдалану нәтижесінде келтірілген залал мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
З = (ӨкӨқ) + (ӨкӨқБмм),
мұнда:
З – жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың мөлшері;
Өк – заңсыз өндірілген көмірсутектердің көлемі, тонна;
Өқ – заңсыз өндірілген көмірсутектердің құны;
Бмм– залал мөлшері айқындалатын айдың бірінші жұмыс күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеменің мөлшері,%.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі