Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 216 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қыркүйекте № 36854 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 102-бабынының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жаряланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 216
бұйрығына 1- қосымша/

Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелерінің Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету, және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі

      2. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес мемлекеттік білім беру мекемелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы қызметтер көрсету туралы шартты жасай отырып, тиісті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсынады.

      3. Білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесі мен өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге) баға прейскуранты көрсетілген ақпаратты мемлекеттік ғимараттарында орналастырады.

      4. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлері "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген және білім беру саласындағы мемлекеттік органдарымен келісілген жұмыс оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.

      5. Білім алушыларға және (немесе) тәрбиеленушілерге тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері кәмелет жасқа толған білім алушының және (немесе) тәрбиеленушінің және ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы өтініштерінің негізінде жеке кесте бойынша ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, ақылы қызмет түрлерін ұсыну туралы өтініш мемлекеттік білім беру мекемесіне келiп түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады, егер Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларында өзгеше көзделмесе.

      6. Ақылы негізде қызмет көрсететін мемлекеттік білім беру мекемесі мен білім алушының (тәрбиеленушінің), оның ата-анасының және өзге де заңды өкілдердің өзара қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шартпен реттеледі.

      7. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік білім беру саласындағы мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны иелік ету, жұмсау тәртібі

      8. Мемлекеттік білім беру саласындағы мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша пайдаланылады.

      Мемлекеттік білім беру саласындағы мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары Кодекстің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бюджеттің қазынашылық оларға атқарылуы рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуге сәйкес жасалады.

      9. Мемлекеттік білім беру ұйымдары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түсетін қаражат мынадай бағыттар бойынша жұмсалады:

      1) білім беру мекемелерінiң оқу-материалдық базасын нығайту;

      2) оқу жабдықтары, мүкәммалдарды және киiм-кешекті, оның iшiнде оқу тәжiрибе учаскесiнде жұмыс iстеу үшiн сатып алу;

      3) білім алушылардың тамақтануын жақсарту, тұрмыстық және мәдени қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарын жабу;

      4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейту;

      5) бiлiм алушыларды көтермелеу және бiлiм алушылардың әлеуметтiк жағынан қорғалмаған жекелеген бөлiгiне материалдық көмек көрсету;

      6) күнi ұзақ болатын орта білім беру ұйымдарында және орта білім беру ұйымдарында күн ұзақ болатын топтардағы білім алушыларды тамақтандыру;

      7) асханаларды ұстау (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен мүкәммал сатып алу, күрделi жөндеу);

      8) орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының орындаған жұмыстарына ақы төлеу;

      9) экскурсиялар мен сыныптан тыс кештерді өткiзу;

      10) орта білім беру ұйымдарын, оқу корпустары мен жатақханаларды ағымдағы жөндеу;

      11) мектеп жанындағы учаскенi дамыту және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңарту;

      12) спорт алаңдарын салу;

      13) қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен білім алушыларға стипендиялар мен сыйлықақылар беру;

      14) сауықтыру iс-шаралары;

      15) жарысқа қатысушыларды тамақтандыру, төрешiлердiң (судьялардың) және медицина қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарды жабу;

      16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыру;

      17) секциялар мен үйірме жетекшiлерiнiң еңбегіне ақы төлеу;

      18) секцияларды және үйiрмелердi ұйымдастыруға байланысты iс-шаралар;

      19) ақылы бiлiм беру қызметтерiн көрсететiн қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу;

      20) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және басқа да төлемдер белгiлеу;

      21) көлік құралдарын сатып алу;

      22) жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау үшiн ақы төлеуге арналған шығыстар және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдарды сатып алу, ғимаратқа қызмет көрсету бойынша ақы төлеу, көлiктiк қызметтерге ақы төлеу және тауарларды сатып алуға арналған өзге де шығыстар;

      23) ғимараттар мен үй-жайларды реконструкциялау және күрделi жөндеу;

      24) демалыс лагерьлерi тәрбиешiлерiнiң және көмекші қызметкерлерiнiң еңбегіне ақы төлеу;

      25) музыкалық аспаптарды жөндеу;

      26) оқу жабдықтарының, көлік құралдарының және басқа механизмдердің қозғалтқыштарын пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстар;

      27) оқу-көмекшi, қосалқы шаруашылықтардың және оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын қызметкерлердiң еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;

      28) iссапар шығыстары;

      29) білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізу.

      10. Ғылыми зерттеулерді жүргізуде тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен қаражат мынадай бағыттарда жұмсалады:

      1) еңбекақы – барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге қатысушы зерттеу тобы мүшелерінің еңбегіне сыйақы;

      2) ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлар;

      3) бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми зертханалар, өзге зертханалар көрсететін, зерттеулерді орындауға қажетті қызметтер, өзге де ұйымдар көрсететін қызметтер, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;

      4) материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізу үшін жұмсалатын материалдарды сатып алу;

      5) жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу;

      6) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – талдама материалдарды жариялау, патенттеу және сатып алу, сондай-ақ жобаны сүйемелдеу бойынша өзге қызметтер үшін шығыстар;

      7) үй-жайды жалдау;

      8) жабдықты және техниканы жалдау;

      9) зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техникаларды пайдалану шығыстары.

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 216
бұйрығына 2-қосымша/

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16899 болып тіркелген).

      2. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 678 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17929 болып тіркелген).

      3. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы)" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 275 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18888 болып тіркелген).

      4. "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік білім беру мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 541 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 430 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30349 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады