"Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қыркүйекте № 36850 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34500 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласында жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларында:

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Жекеше 1-әріптес жиһаз өніміне, ЖСҚ-ға сәйкес салынып жатқан объектіні монтаждауға, жарақтандыруға жататын құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын, жабдықтарын өнім берушілерді дербес таңдайды. Өнім сапасы мен жеткізілімі тең жағдайда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының тауар өндірушілер тізіліміндегі және (немесе) қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі (үзінді негізінде тізілім) және (немесе) "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификаты бар жеке және заңды тұлғаларға артықшылық беріледі. "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат және индустриялық сертификат 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшін сақтайды.";

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инвестициялық саясат және инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады