Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36745 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында сақтандырылуға жататын, алаңы екі мың шаршы метрден асатын, адамдар жаппай болатын объектілердің тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 379 бұйрығына 1-қосымша

Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандыруға жататын ауданы екі мың метрден асатын адамдар жаппай болатын объектілер тізбесі

      1. Сауда объектілері (бірыңғай ғимарат немесе бірыңғай объектінің ғимараттары мен құрылыстарының кешені) – құрылыстардың жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асады.

      2. Ойын-сауық орталықтары (бірыңғай ғимарат немесе бірыңғай объектінің ғимараттары мен құрылыстарының кешені) – құрылыстардың жалпы ауданы 2000 шаршы метрден асады.

  Қазақстан Республикасының
  Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 29 тамыздағы
№ 379 бұйрығына 2-қосымша

Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандырудың үлгілік шарты

      _________қаласы, облысы 20____жылғы "__"___________ №

      ___________сериясы___________________________________,

      (сақтандыру ұйымының атауы)

      ________________________________________________________атынан,

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      (бұдан әрі – Т.А.Ә.),

      __________________________________________________________________,

      (жарғы, ереже немесе сенімхат)

      негізінде әрекет ететін, 20___ жылғы "___" ________ № _______ сақтандыру

      (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиялар бұдан әрі

      "Сақтандырушы" деп аталатын бір тараптан және

      __________________________________________________________________,

      (жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды

      тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)

      ____________________________________________________________атынан,

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      _______________________________________________негізінде әрекет ететін,

      (жарғы, ереже немесе сенімхат)

      бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталатын екінші жағынан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде орталықтардың Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жүктелген сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты.

1-тарау. Шартта қолданылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жүктелген сақтандыру объектісі (бұдан әрі – Сақтандыру объектісі) – Шартпен айқындалған сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері;

      2) өрт қауіпсіздігі саласында сақтандыруға жататын ауданы екі мың шаршы метрден асатын адамдар жаппай болатын объект (бұдан әрі – Адамдар жаппай болатын объект) – өрт қауіпсіздігі саласында сақтандыруға жататын, ауданы екі мың шаршы метрден асатын адамдар жаппай болатын объектілер тізбесіне енгізілген объектілер;

      3) сақтандырушы – сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайдасына шарт жасалған тұлғаға шартта белгіленген сақтандыру сомасының шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

      4) сақтанушы – Сақтандырушымен осы Шарт жасасқан Адамдар жаппай болатын объектінің иесі;

      5) сақтандыру жағдайы – Адамдар жаппай болатын объектіде өрт салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі;

      6) сақтандыру сомасы – Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүдделері сақтандырылған ақша сомасы;

      7) сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушы Сақтандырушыға осы Шартта айқындалған мөлшерде үшінші тұлғаға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;

      8) сақтандыру төлемі – Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде үшінші тұлғаға төлейтін ақша сомасы;

      9) үшінші тұлға – Адамдар жаппай болатын объектідегі өрттің нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жәбірленуші жеке немесе заңды тұлға болып табылатын, осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын пайда алушы.

      Сақтандырушымен шарт жасасқан Сақтандырушылар мен Адамдар жаппай болатын объектілердің иелері үшінші тұлғалар болып табылмайды.

2-тарау. Сақтандырудың мәні

      2. Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы объектіде сақтандыру жағдайы басталған кезде міндеттеледі: ________________ (адамдар жаппай болатын объектілердің мекенжайы, атауы) осы Шартта көзделген мөлшерде үшінші тұлғаға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттеледі.

3-тарау. Сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

      3. Осы Шарт бойынша сақтандыру сомасы Заңның 62-1-бабының 7-тармағына сәйкес

      ____________ (сома жазбаша) теңге.

      4. Осы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы _________ (________________)

      (сомасы жазбаша) теңге құрайды және Сақтанушы Сақтандырушыға толық көлемде

      біржолғы төлеммен толық көлемде 20_ жылғы "_" ___ мерзімге дейін төленуі тиіс.

4-тарау. Сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау және оны жүзеге асыру тәртібі

      5. Әрбір үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері (сақтандырушының бір сақтандыру 105 жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемі) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді және кемінде мыналарды құрайды:

      1) әрбір жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген және мыналарға алып келген зиян үшін:

      өлім – бес мың;

      мүгедектікті белгілеу:

      бірінші топ – төрт мың;

      екінші топ – үш мың;

      үшінші топ – бір мың бес жүз;

      бала – үш мың;

      мүгедектік белгіленбей мертігу, жарақат алу немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы – амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ жеті жүз елуден көп емес;

      2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ бір мың бес жүзден көп емес;

      3) бір мезгілде екі және одан көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге бір мың бес жүзден көп емес. Барлық жәбірленуші бойынша мүлік жөнінде сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері он мың айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. Жәбірленушілердің мүлкіне келтірілген зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асып кеткен жағдайда әрбір жәбірленушіге сақтандыру төлемі оның мүлкіне келтірілген зиян дәрежесіне мөлшерлес жүзеге асырылады.

      Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемі жүзеге асырылған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

      Сақтандыру төлемі үшін мынадай құжаттар (қолма-қол қағаз нұсқада және (немесе) электрондық нұсқада) ұсынылады:

      1) өмірге, денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянды өтеу туралы өтініш;

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 7-қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесінде көзделген медициналық құжаттама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);

      3) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама (олар бар болса);

      4) мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы (олар бар болса);

      5) төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжат;

      6) үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянды тәуелсіз бағалау нәтижесі.

      6. Үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері мемлекеттік медициналық мекемелерде немесе кәсіпорындарда берілген медициналық қорытындымен расталады (белгіленеді).

      7. Үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянның мөлшері тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша расталады (белгіленеді).

      8. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушыдан немесе үшінші тұлғадан медициналық қорытынды, осы Шарттың 6 және 7-тармақтарында көзделген тәуелсіз бағалау нәтижесін алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      9. Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда Сақтандырушы үшінші тұлғаға Тараптар айқындаған тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Тараптар тұрақсыздық айыбы мерзімі өткен әрбір күнтізбелік күн үшін берешек сомасының ____ процентін құрайды және талап қойылған күннен бастап ____ жұмыс күні ішінде төленеді деген келісімге келді.

      10. Осы Шарт бойынша сақтандыру, егер олар сақтандыру жағдайының нәтижесінде келтірілген болса да, мемлекеттік органдар салатын жоғалған пайданы, тұрақсыздық айыбын, айыппұл санкцияларын, өсімпұлдарды өтемейді.

5-тарау. Сақтандыру жағдайы

      11. Осы Шарт бойынша сақтандыру жағдайы Адамдар жаппай болатын объектідегі өрттің салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі заңды күшіне енген сот шешімімен немесе Сақтандырушы таныған адамдар жаппай болатын объектідегі өрттің салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиянды растайтын құжаттарға сәйкес зиянды өтеу туралы үшінші тұлғаның талаптары факт болып табылады.

      12. Зиянды өтеу туралы талаппен өтініш келіп түскен жағдайда, Сақтанушы үшінші тұлғадан немесе оның заңды өкілінен келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырушыға қолма-қол, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы хабарлама, Сақтандырушының электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сақтандырушы бұрын ұсынған болса немесе өзге де қолжетімді тәсілмен хабарлайды.

6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      13. Сақтанушы:

      1) Сақтандырушыдан осы Шарт бойынша сақтандыру шарттарын, өз құқықтары мен міндеттеріне түсіндірме алуға;

      2) Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарға сәйкес мерзімінен бұрын бұзуға;

      3) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы.

      14. Сақтанушы:

      1) осы Шартты жасасу кезінде Сақтандырушыға оның талабы бойынша ұсынылған мәліметтерді растайтын қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      2) сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын және ықтимал нұқсанның (сақтандыру тәуекелінің) мөлшерін айқындау және сақтандыру тәуекелін бағалау үшін өткізу және объектішілік режим талаптарын сақтай отырып, Сақтандырушының Адамдар жаппай болатын объектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      3) сақтандыру сыйлықақыларын осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;

      4) осы Шарттың 6 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды көрсете отырып және медициналық қорытындыны, тәуелсіз бағалау нәтижесін қоса бере отырып, Сақтандырушыға жазбаша өтінішті олар үшінші тұлғадан немесе оның заңды өкілінен келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жіберуге, сондай-ақ Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруде қажетті көмек көрсетуге;

      5) сақтандыру жағдайының себептерін, барысы мен салдарын, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшерін растайтын барлық қолда бар ақпарат пен құжаттарды ұсынуға міндетті.

      15. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушы ұсынған мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының осы Шарттың талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;

      2) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын өз бетінше анықтауға;

      3) Сақтанушыдан және үшінші тұлғадан сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиянның дәрежесін анықтау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды талап етуге;

      4) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының туындау ықтималдығын және ықтимал нұқсанның (сақтандыру тәуекелінің) мөлшерін айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді және сақтандыру тәуекелін бағалауды алуға;

      5) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын алуға;

      6) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламаны және оның құжаттамалық растамасын алуға;

      7) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және үшінші тұлғаға келтірілген нұқсанның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

      8) осы Шарт бұзылған кезде және сақтандыру жағдайлары болмаған жағдайда – Шарт қолданылған уақытқа барабар Сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне және Сақтандыру сыйлықақысының алынған бөлігінің 10% мөлшерінде Шартты жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарға құқылы.

      16. Сақтандырушы:

      1) Сақтанушыны сақтандыру шарттарымен, оның осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға;

      2) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтінішін уақтылы қабылдауға;

      3) Сақтанушы не оның өкілі барлық қажетті құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес жауапты болады.

7-тарау. Үшінші тұлғаның құқықтары

      17. Үшінші тұлға:

      1) Адамдар жаппай болатын объектідегі өрттің салдарынан олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне сақтандыру жағдайының басталғаны туралы Сақтандырушыға хабарлауға;

      2) Сақтанушының орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинап, Сақтандырушыға ұсынуға;

      3) келтірілген шығынның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны таңдауға;

      4) келтірілген шығыггың мөлшерін бағалау нәтижелерімен және Сақтандырушы (оның ішінде Сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі мөлшерінің есептеулерімен танысуға;

      5) осы Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін алуға;

      6) Адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін Сақтандырушыға немесе сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

      7) өтініш пен қоса беріліп отырған құжаттар "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не Сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернетресурсы арқылы) жіберуге;

      8) Сақтанушыға келтірілген шығын сомасының алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асып кету мөлшерінде келтірілген шығынды өтеу туралы талап қоюға;

      9) Сақтанушы Сақтандыру объектілерінде осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Сақтандырушыға сақтандыру төлемдерін төлеу туралы талап жіберуге құқылы.

      18. Үшінші тұлға:

      1) Сақтанушыға осы Шарттың 6 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды көрсете отырып және медициналық қорытындыны, тәуелсіз бағалау нәтижесін қоса бере отырып, жазбаша өтініш жіберуге;

      2) Сақтанушы осы Шарттың 14-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда, осы Шарттың 6 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды және медициналық қорытындыны, тәуелсіз бағалау нәтижесін көрсете отырып, Сақтандырушыға жазбаша өтініш жіберуге міндетті.

8-тарау. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері

      19. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы мынадай:

      1) Сақтанушының және (немесе) үшінші тұлғаның, қажетті қорғаныс және аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған әрекеттерінің;

      2) Сақтанушының және (немесе) үшінші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің;

      3) жәбірленушінің мүлкіне ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмістен жасалған бұйымдар, бағалы бұйымдар, әшекейлер, өнер туындылары немесе басқа да құндылықтар түрінде зиян келтірудің;

      4) Сақтандырушыны Сақтанушының және (немесе) үшінші тұлғаның немесе олардың заңды өкілдерінің сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауының салдарынан сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

      Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы хабарлама жібермеу немесе хабарламау, егер ол дәлелді себептерге байланысты болса және сақтандыру жағдайының басталу, жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру фактісін растайтын тиісті құжаттар және сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін тікелей болған жай-күйін бағалау үшін мүлік ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіз бола алмайды;

      5) Сақтанушы сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекет жасаған адамға өзінің талап ету құқығынан бас тартқан, сондай-ақ оның Сақтандырушыға талап ету құқығын Сақтандырушыға көшу үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартқан жағдайда сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

      20. Сақтандыру төлемінен бас тарту үшін негіздер болған кезде Сақтандырушы құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып және Сақтанушының және (немесе) үшінші тұлғаның құқығы туралы хабардар ете отырып, жазбаша нысанда сақтандыру төлемі туралы өтініш берген тұлғаға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешім жіберуге, Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге міндетті.

      21. Сақтандырушы:

      1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті ластану әсерінің;

      2) әскери іс-қимылдардың;

      3) азаматтық соғыс, кез-келген түрдегі халықтық толқулар, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер салдарынан сақтандыру жағдайы болса, онда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

9-тарау. Кері талап ету құқығы (суброгация)

      22. Төлемді жүзеге асырған Сақтандырушыға төленген сома шегінде Сақтанушының және (немесе) үшінші тұлғаның сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін, сақтандыру нәтижесінде өтелген қасақана әрекет жасаған тұлғаға талап ету құқығы өтеді.

      23. Сақтандырушыға өткен талап ету құқығын ол Сақтанушы мен сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекет жасаған тұлға арасындағы қатынастарды реттейтін қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырады.

      24. Сақтанушы және (немесе) үшінші тұлға сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған Сақтандырушының өзіне өткен талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.

      25. Егер Сақтанушы және (немесе) үшінші тұлға сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін, Сақтандырушы өтеген немесе бұл құқықты жүзеге асыру Сақтанушының және (немесе) үшінші тұлғаның кінәсінен мүмкін болмаған қасақана әрекет жасаған адамға өзінің талап ету құқығынан бас тартса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісті бөлігінде жүзеге асырудан босатылады және артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

10-тарау. Шартты жасасу тәртібі, қолданылу мерзімі, тоқтату талаптары

      26. Осы Шарт Тараптар арасында ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жазбаша нысанда жасалады.

      Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар үшін міндетті болады және Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.

      Сақтандырып қорғаудың қолданылу кезеңі осы Шарттың қолданылу кезеңінде қамтамасыз етіледі.

      27. Осы Шарт мынадай жағдайларда:

      1) Шарттың қолданылу мерзімінің өтуі;

      2) Азаматтық кодекстің 841-бабына сәйкес осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтату;

      3) Сақтандырушының осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде орын алған сақтандыру жағдайы бойынша осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруы тоқтатылды деп есептеледі.

      28. Егер осы Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарының орындалмауынан не Сақтандырушының осы Шартты орындай алмауынан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға өзі төлеген сақтандыру сыйлықақысын толығымен қайтаруға міндетті.

      29. Осы Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы Сақтанушының оның талаптарын орындамауынан туындаған жағдайларда төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.

      30. Осы Шарттың тоқтатылуы Сақтандырушыны кейіннен осы Шарттың қолданылу кезеңінде болған сақтандыру жағдайлары деп танылған сақтандыру жағдайлары бойынша үшінші тұлғаға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөніндегі міндеттен босатпайды. Сақтандыру төлемін қолданылу кезеңінде сақтандыру жағдайы орын алған осы Шартты жасасқан Сақтандырушы жүзеге асырады.

11-тарау. Шарт талаптарын өзгерту

      31. Осы Шарттың талаптарын өзгерту Сақтанушы мен Сақтандырушының өзара келісімі бойынша Тараптардың бірінің өтініші негізінде екінші Тарап өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі және Тараптардың осы Шартқа қосымша келісімімен ресімделеді.

12-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      32. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындаған даулар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, келіссөздер арқылы шешіледі.

13-тарау. Қосымша шарттар

      33. Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз шарт жасасу нәтижесінде алынған құпия ақпаратты жария етуге құқылы емес.

      34. Шарт қағаз форматта жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар үшін заңды күші болады.

      Осы Шартқа қосымшалар, өзгерістер мен толықтырулар оның ажырамас бөлігі болып табылады және оларға екі Тарап қол қойған жағдайда ғана заңды күшіне ие болады.

      35. Осы Шарттың талаптарында көзделмеген қалған өзара қатынастар Азаматтық кодекспен реттеледі.

      36. Осы Шарттың қолданылу орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылады.

      Тараптардың деректемелері мен қолдары:

"САҚТАНДЫРУШЫ"

"САҚТАНУШЫ"

Атауы: __________________________
БСН:____________________________

Атауы: _______________________________

БСК:____________________________
ЖСК: ___________________________
Мекенжайы: ______________________
Тел.:_____________________________

БСН:__________________________________
ЖСН:__________________________________
ЖСК: _________________________________
БСК:__________________________________
Резиденттік белгісі______________________
Экономика секторы_____________________
Мекенжайы: ___________________________
Тел.:_____________________________

_______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.

________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады