"Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36739 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 55 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34946 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, жеке тұлғаға тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын тұтынушылық банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төмен мөлшерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мына:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары;

      2) республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздың немесе микрокредиттің (қайта қаржыландырылуға жататын тұтынушылық банктік қарыздар мен микрокредиттерді қоспағанда) ең төмен мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жеке тұлғаға тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 5-2-тармағына, "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3-3-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – кредитор) жеке тұлғаның жұбайының (зайыбының) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ең төмен мөлшерге тең немесе одан жоғары сомаға, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыз немесе микрокредит (бұдан әрі – кредит) беруге келісімін алу тәртібін айқындайды.".

      2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады