Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының "Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 82 және "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 16 шілдедегі № 84 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 28 тамыздағы № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36735 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 82 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23630 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидаларын, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі бекітілсін.";

      қаулымен бекітілген Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Микроқаржылық қызмет туралы заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы – жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі - уәкілетті орган) хабардар ету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қарыз алушы микрокредит берген микроқаржы ұйымына Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес береді. Өтінішке міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындауына әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді), кірістер туралы мәліметтерді және өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын құжаттар қоса беріледі. Қарыз алушының өтінішін қарау және микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін өткізуге әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді) растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде микроқаржы ұйымы Құжаттар тізбесіне сәйкес, өтінішті қарау үшін қажетті, міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындау себептерін, кірістер туралы мәліметтерді және өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын, жетіспейтін құжаттарды сұратады.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Микроқаржы ұйымы:

      1) қарыз алушының өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық табысының қарыз алушының өтінішпен жүгінген немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық табысымен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген кезде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) жататын;

      2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы-жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына Микроқаржылық қызмет туралы заңның 9-2-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 2) тармақшасында көзделген өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды.";

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23619 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидаларын, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі бекітілсін.";

      қаулымен бекітілген Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарыз алушы – жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау қағидалары, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі";

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттар тізбесін қарау қағидалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушы-жеке тұлғаның банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішін, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтінішті қарау нәтижелері туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды (бұдан әрі - уәкілетті орган) хабардар ету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қарыз алушы қарыз берген банкке Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағына сәйкес береді. Өтінішке міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындауына әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді), кірістер туралы мәліметтерді және өтініш беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын құжаттар қоса беріледі. Қарыз алушының өтінішін қарау және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындаудың мерзімін өткізуге әкеп соққан мән-жайларды (фактілерді) растау үшін қажетті құжаттардың тізбесі (бұдан әрі – Құжаттар тізбесі) Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалады.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қарыз алушы құжаттар мен мәліметтерді толық ұсынбаған кезде банк Құжаттар тізбесіне сәйкес, өтінішті қарау үшін қажетті, міндеттемені орындау мерзімін өткізудің туындау себептерін, кірістер туралы мәліметтерді және өтінішті беруді негіздейтін басқа да мән-жайларды (фактілерді) растайтын, жетіспейтін құжаттарды сұратады.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Банк:

      1) қарыз алушының өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі ай үшін есептелген орташа айлық табысының қарыз алушының өтінішпен жүгінген немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі ай үшін есептелген орташа айлық табысымен салыстырғанда отыз пайыздан астам төмендеген кезде "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына (бұдан әрі – ХӘОТ) жататын;

      2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы-жеке тұлға банктік қарыз шартының талаптарына Банктер туралы заңның 36-бабының 1-1-тармағының бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында және (немесе) 3) тармақшасында көзделген өзгерістер енгізу туралы өтініш берген кезде банктік қарыз шарты бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеуді талап етпей, кемінде үш ай мерзімге банктік қарыз шартының талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қабылдайды.";

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамызда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 49 1 Қаулыға қосымша
Қарыз алушы-жеке тұлғаның
микрокредит беру шартының
талаптарына өзгерістер енгізу
туралы өтінішін қарау
қағидаларына, оған қоса
берілетін құжаттар тізбесіне,
сондай-ақ микроқаржылық
қызметті жүзеге асыратын
ұйымның өтінішті қарау
нәтижелері туралы уәкілетті
органды хабардар ету тәртібіне
1-1-қосымша

      Қарыз алушының өтінішін қарау және оның санатын және микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу жағдайларының орындалмауына алып келген өмірлік мән-жайды растау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының жұмыс орнынан соңғы алты бойынша кірісі туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі және қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ;

      жалақының мөлшерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;

      қарыз алушының жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста екенін растайтын құжат;

      қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;

      жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты;

      жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық зиян келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау);

      форс-мажорлық мән-жайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар;

      мүгедектік туралы анықтама;

      уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарына тыйым салу туралы шешімі;

      инкассолық өкім;

      сот актілері;

      қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.

  2 Қаулыға қосымша
  Қарыз алушы – жеке тұлғаның
банктік қарыз шартының
талаптарына өзгерістер енгізу
туралы өтінішін қарау
қағидаларына, оған қоса
берілетін құжаттардың тізбесіне,
сондай-ақ екінші деңгейдегі
банктің, банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге
  асыратын ұйымның өтінішті
қарау нәтижелері туралы
уәкілетті органды хабардар ету
тәртібіне 1-1-қосымша

      Қарыз алушының өтінішін қарау және оның санатын және банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеу жағдайларының орындалмауына алып келген өмірлік мән-жайды растау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама және (немесе) қарыз алушының жұмыс орнынан соңғы алты бойынша кірісі туралы анықтама немесе қарыз алушының ақшасының түсуі және қозғалысы туралы үзінді көшірме;

      жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы, жалақысы сақталмайтын демалыс беру туралы актісі немесе қарыз алушының еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама/парақ;

      жалақының мөлшерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені көрсете отырып, жұмыс орнынан анықтама;

      қарыз алушының жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыста екенін растайтын құжат;

      қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) ауруын растайтын еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама, сондай-ақ қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғаны туралы куәлік/анықтама;

      жалдау ақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсетілген нотариалды куәландырылған жалдау шарты;

      жазатайым оқиға, үшінші тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері нәтижесінде қарыз алушыға материалдық зиян келтірілгенін растайтын құжаттар (айналымдағы тауарларды немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қарыз алушы пайдаланған өзге де мүлікті ұрлау);

      форс-мажорлық мән-жайлардың басталу фактісін растайтын ресми құжаттар;

      мүгедектік туралы анықтама;

      уәкілетті мемлекеттік органның қарыз алушының шоттарына тыйым салу туралы шешімі;

      инкассолық өкім;

      сот актілері;

      қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын өзге де құжаттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады