"Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 86 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36727 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      бірлескен бұйрықтың 1-тармағының 20) және 21) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) осы бірлескен бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерін қоспағанда), құқық қорғау органдарының объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы;

      21) осы бірлескен бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес кәсіби өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы;";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      5-тармақта:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) басқа әскерлер мен әскери құралымдардың (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерін қоспағанда), құқық қорғау органдарының объектілері;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) объектінің кәсіби өртке қарсы қызметі.";

      6-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болып табылатын, кәсіби өртке қарсы қызмет.";

      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіби өртке қарсы қызметтерге қатысты берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.";

      13-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өрескел бұзушылықтар – өрттің шығу жағдайларын, оның таралуын, өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсер етуін болдырмауға бағытталған өрт қауіпсіздігінің талаптары, электр желілері мен электр жабдығын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялау жолдарының болуы мен жай-күйі мәселелерін, сондай-ақ кәсіби өртке қарсы қызметінің жұмысын регламенттейтін талаптар.";

      20 және 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Кәсіби өртке қарсы қызметі, егер "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі болып табылса, ақпараттық жүйені қолдану арқылы өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.

      21. Кәсіби өртке қарсы қызметтерге бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша өрескел бұзушылықтар анықталған кезде, мұндай қызметтер ақпараттық жүйені қолдану арқылы орташа тәуекел дәрежесінен өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары тәуекел дәрежесіне ауыстырылады.";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің болуы және оның өрт сөндіру автомобильдерінің, штаттық жұмыскерлердің, өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың, арнайы киім-кешектер мен өртке қарсы жабдықтардың саны бойынша сәйкестігі

өрескел

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:

      "

9-1.

Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шартының болуы

өрескел

      ";

      жол:

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет объектілеріне қойылатын талаптар

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Кәсіби өртке қарсы қызмет объектілеріне қойылатын талаптар

      ";

      реттік нөмірі 838, 839, 840, 841, 842 және 843-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

838.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатының болуы

өрескел

839.

Он сегіз жасқа толған және кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау бойынша оқыту курстарынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылдау

өрескел

840.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің жұмысын регламенттейтін құжаттаманың болуы

өрескел

841.

Кәсіби өртке қарсы қызметті тұрақты (тәулік бойы) әзірлікте ұстау

өрескел

842.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінде есеп командирі басқаратын өрт автомобилінде есептің болуы

өрескел

843.

Кәсіби өртке қарсы қызметте екі және одан да көп өрт сөндіру автомобильдері болған кезде қарауыл бастығы (ауысым басшысы) басқаратын қарауылдың болуы

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 845 және 846-жолдарды мынадай редакцияда жазылсын:

      "

845.

Жылжымалы жабдықсыз кәсіби өртке қарсы қызмет құрылған объектілерді қорғау үшін өрт сөндіру нұсқаушыларының (ауысымына кемінде 2 штаттық қызметкер) болуы

өрескел

846.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінде байланыс пунктінің болуы

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 849-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

849.

Кәсіби өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автокөліктерінің талап етілетін санының болуы

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 851-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

851.

Кәсіби өртке қарсы қызмет үшін объектінің басшысы олардың ерекшелігін ескере отырып айқындаған арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің тиісті санының болуы

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 853 және 854-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

853.

Өрт сөндіру автомобиліндегі есептеулер санына көбейтілген өрт сөндіру автомобильдерінің санына сәйкес объектіде кезекші ауысымда кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тиісті санының болуы

өрескел

854.

Кәсіби өртке қарсы қызметте объектінің өндірістік сипаттамаларын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қамтитын қызметкерлердің жыл сайынғы арнайы даярлығын жүзеге асыру

өрескел

      ";

      жол:

2018 жылғы 31 шілдеге дейін қолданыста болған рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған жолға шығатын техникасы бар мемлекеттік емес қарсы қызметке рұқсат беру талаптары

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2018 жылғы 31 шілдеге дейін қолданыста болған рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған жолға шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары

      ";

      реттік нөмірі 870 және 871-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

870.

Шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру аппараттарының немесе бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт сөндіру бекетінің бастығы мен оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, басқарма аппараттарының немесе өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
3) қарауыл бастығы (ауысым бастығы) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы оқудан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар;
5) бөлімше командирі үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
6) аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі;
7) өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі (аға жүргізушісі) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі, осы санат бойынша автомобиль жүргізудің кемінде 1 жыл тәжірибесі бар;
8) радиотелефонист (байланыс пунктінің диспетчері) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі.

елеулі

871.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір қызметкеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жабдықтың болуы:
1) өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі;
2) жүннен жасалған подшлемник;
3) қорғаныш түсті кесілген жемпір;
4) крагы бар брезент қолғаптары;
5) жүннен жасалған қолғаптар;
6) карабині бар құтқару өрт сөндіруші белдігі;
7) өрт сөндіру шлемі (дулыға);
8) өрт сөндірушінің етігі;
9) өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қапшық;
10) резеңке етік.

елеулі

      ";

      реттік нөмірі 876 және 877-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

876.

6) аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі;
7) өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі (аға жүргізушісі) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі, осы санат бойынша автомобиль жүргізудің кемінде 1 жыл тәжірибесі бар;
8) радиотелефонист (байланыс пунктінің диспетчері) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі.

елеулі

877.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір қызметкеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жабдықтың болуы:
1) өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі;
2) жүннен жасалған подшлемник;
3) қорғаныш түсті кесілген жемпір;
4) крагы бар брезент қолғаптары;
5) жүннен жасалған қолғаптар;
6) карабині бар құтқару өрт сөндіруші белдігі;
7) өрт сөндіру шлемі (дулыға);
8) өрт сөндірушінің етігі;
9) өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қапшық;
10) резеңке етік.

елеулі

      ";

      жол:

2018 жылғы 31 шілдеге дейін қолданыста болған рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған, жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2018 жылғы 31 шілдеге дейін қолданыста болған рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған, жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары

      ";

      реттік нөмірі 879-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

879.

Жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) өрт профилактикасының аға нұсқаушысы үшін – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт профилактикасы нұсқаушысы үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен.

елеулі

      ";

      жол:

2018 жылғы 31 шілдеден кейін белгіленген рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған, жолға шығатын техникасы жоқ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2018 жылғы 31 шілдеден кейін белгіленген рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған, жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызметке рұқсат беру талаптары

      ";

      реттік нөмірі 881 және 882-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

881.

Жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) өрт профилактикасының аға нұсқаушысы үшін – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт профилактикасы нұсқаушысы үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен.

елеулі

882.

Мынадай шарттардың біріне жауап беретін кемінде үш маманның болуы:
өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімі бар;
өзге жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар

өрескел

      ";

      көрсетілген Өлшемшарттарға 2-қосымшада:

      "Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін" жолында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Кәсіби өртке қарсы қызметтердің және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарының аттестатының болуы

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

80

1 факт

100%

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      көрсетілген Өлшемшарттарға 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 81-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

81.

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық органдарында оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы

болмашы

      ";

      реттік нөмірі 90-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

90.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы

елеулі

      ";

      бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасында:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің болуы және оның өрт сөндіру автомобильдерінің, штаттық жұмыскерлердің, өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың, арнайы киім-кешектер мен өртке қарсы жабдықтардың саны бойынша сәйкестігі

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

      "

3-1.

Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар жаппай болатын объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін жүктелген сақтандыру шартының болуы

      ";

      бірлескен бұйрықтың 16-қосымшасында:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Сауда залдары мен эвакуациялау жолдарында жанғыш материалдарды, қалдықтарды, орамалар мен контейнерлерді уақытша сақтауға, сондай-ақ жанғыш ыдыстарды ғимарат ішіндегі және сыртындағы терезелерге тақап орналастыруға жол бермеу*

      ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Сатып алушылар сауда залдарында болған кезде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге жол бермеу *

      ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: осы тексеру парағының 1 және 4-тармағы өрт қауіпсіздігі саласында сақтандыру шарты бар субъектілерге ұсынылмайды.";

      бірлескен бұйрыққа 20-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың объектілеріне (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің объектілерін қоспағанда), құқық қорғау органдарының объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы";

      бірлескен бұйрыққа 21-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      бірлескен бұйрыққа 23-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      бірлескен бұйрыққа 24-қосымшаның реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Мынадай шарттардың біріне жауап беретін кемінде үш маманның болуы:
өрт қауіпсіздігі мамандығы бойынша жоғары білімі туралы растаушы құжаттардың болуы;
жоғары білімі және мемлекеттік және (немесе) кәсіби өртке қарсы қызметтерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі туралы растаушы құжаттардың болуы

      ";

      бірлескен бұйрыққа 25-қосымшада:

      реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

33.

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық органдарында оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы

      ";

      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы

      ";

      бірлескен бұйрыққа 26-қосымшада:

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32.

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық органдарында оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы

      ";

      реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39.

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен машықтануларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы

      ";

      бірлескен бұйрыққа 27-қосымшаның реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық органдарында оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы

      ";

      бірлескен бұйрықтың 32-қосымшасында:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің болуы және оның өрт сөндіру автомобильдерінің, штаттық жұмыскерлердің, өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың, арнайы киім-кешектер мен өртке қарсы жабдықтардың саны бойынша сәйкестігі

бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұру

60 күнтізбелік күн

      ";

      жол:

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Кәсіби өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы

      ";

      реттік нөмірі 80-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

80.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатының болуы

бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерінің қызметін, жұмыстарын орындауын тоқтата тұру

60 күнтізбелік күн

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны "Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
_________С. Жумангарин
      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_________Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Бас

      прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы № 86
мен
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы №
374 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 31
және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 758 бірлескен бұйрығына
21-қосымша

Кәсіби өртке қарсы қызмет объектілеріне қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберіндегі тексеру парағы

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеруді/бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеруді/бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт

      _________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы

р/с

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің объектілерде өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатының болуы

2.

Он сегіз жасқа толған және кәсіби өртке қарсы қызметтердің мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау бойынша оқыту курстарынан өткен Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіби өртке қарсы қызметке жұмысқа қабылдау

3.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің жұмысын регламенттейтін құжаттаманың болуы

4.

Кәсіби өртке қарсы қызметті тұрақты (тәулік бойы) әзірлікте ұстау

5.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінде есеп командирі басқаратын өрт автомобилінде есептің болуы

6.

Кәсіби өртке қарсы қызметте екі және одан да көп өрт сөндіру автомобильдері болған кезде қарауыл бастығы (ауысым басшысы) басқаратын қарауылдың болуы

7.

Жолға шығатын техникасы бар өрт сөндіру бөлімдерінде нұсқаушылармен өрт профилактикасы тобының болуы

8.

Жылжымалы жабдықсыз кәсіби өртке қарсы қызмет құрылған объектілерді қорғау үшін өрт сөндіру нұсқаушыларының (ауысымына кемінде 2 штаттық қызметкер) болуы

9.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің өрт сөндіру бөлімдері мен бекеттерінде байланыс пунктінің болуы

10.

Өрт сөндіру автомобильдерін мобильді радиостанциялармен, өрт сөндіру басшысын, кезекшілікті жүзеге асыратын және жұмыс жағдайлары бойынша өрт сөндіру бөлімінің немесе бекетінің тұрақты орналасқан жерінен тыс орналасқан қызметкерлерді жылжымалы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету

11.

Объект басшысының шешімі бойынша құрылған газ-түтіннен қорғау қызметінің болуы

12.

Кәсіби өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автокөліктерінің талап етілетін санының болуы

13.

Объектілерде өрттерді сөндіру үшін қажетті негізгі өрт сөндіру автомобильдерін жөндеу және/немесе техникалық қызмет көрсету жағдайына тасымалданатын немесе жылжымалы өрт сөндіру мотопомпаларының болуы

14.

Кәсіби өртке қарсы қызмет үшін объектінің басшысы олардың ерекшелігін ескере отырып айқындаған арнайы өрт сөндіру автомобильдерінің тиісті санының болуы

15.

Объектілерді қорғау үшін өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес өрт сөндіру автомобильдерін орналастыру және пайдалану

16.

Өрт сөндіру автомобиліндегі есептеулер санына көбейтілген өрт сөндіру автомобильдерінің санына сәйкес объектіде кезекші ауысымда кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің тиісті санының болуы

17.

Кәсіби өртке қарсы қызметте объектінің өндірістік сипаттамаларын ескере отырып, теориялық және практикалық сабақтарды қамтитын қызметкерлердің жыл сайынғы арнайы даярлығын жүзеге асыру

      Лауазымды адам (-дар) _____________ _______________

      Лауазымы (қолы)

      _______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы

      _______ ________________ ________________ ________________ ______

      Лауазымы (қолы)

      _______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы № 86
мен
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 374 Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы № 31
және Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 758 бірлескен бұйрығына
23-қосымша

Ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрттерді сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрттердің алдын алу және сөндіру құқығына аттестатталған, заңды тұлғаларға қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт

      __________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы

      _______________________________________________

№ р/с

Талаптардың тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

2018 жылғы 31 шілдеге дейін қолданыста болған рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған жолға шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет

1.

Кемінде бір өрт сөндіру автокөлігінің болуы

2.

Өрт техникасында өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың болуы:
1) сорғыш жең, ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм 2 дана;
2) сорғыш жең, ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм 2 дана;
3) гидранттан жұмыс істеуге арналған, ұзындығы 4-5 м диаметрі 77 мм 2 дана мөлшерінде қысымды жең;
4) ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм 6 дана қысымды жең;
5) ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм 10 дана қысымды жең;
6) ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм 6 дана қысымды жең;
7) сорғыш жең, ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм 1 дана;
8) СВ-125 сорғыш жеңге арналған тор, ұзындығы 12 м арқанмен 1 дана;
9) 2 дана мөлшерінде 3 жақты РТ-70 (РТ-80) тармақталуы;
10) 1 дана мөлшерінде тығындары бар ӘК-125 жеңді су жинағыш;
11) 1 дана мөлшерінде гидранттарды ашуға арналған соңғы кілт;
12) газ-түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы тросы 1 дана;
13) 66x51 қосқыш өтпелі басы 2 дана;
14) 77x51 қосқыш өтпелі басы 2 дана;
15) 77x66 қосқыш өтпелі басы 2 дана;
16) жең кідірісі 4 дана;
17) қапсырмалар саны 4 дана;
18) өрт сөндіру бағанасы 1 дана;
19) 2 дана мөлшерінде К-150 сорғыш жеңдерін қосуға арналған кілттер;
20) 2 дана мөлшерінде К-80 қысым жеңдерін қосуға арналған кілттер;
21) 1 дана мөлшерінде гидрант қақпақтарын ашуға арналған кілт;
22) Г-600 гидроэлеваторы 1 дана;
23) РСК-50 оқпаны 4 дана;
24) РСА магистралі 2 дана;
25) МС-70 оқпаны 2 дана;
26) 2 дана ауа көбікті СВП-4 оқпаны;
27) 1 дана мөлшерінде тасымалданатын лафеттік оқпан;
28) ГПС-600 орташа еселігі көбік генераторы 2 дана;
29) үш тізелі баспалдақ саны 1 дана;
30) шабуыл сатысы 1 дана;
31) баспалдақ-таяқша саны 1 дана;
32) ұзындығы 2,5 м металл Багор 1 дана мөлшерінде;
33) әмбебап сынықтар 1 дана мөлшерінде;
34) 1 дана мөлшерінде ұсталық балға;
35) ұста балтасы 1 дана;
36) 1 дана мөлшерінде шанышқы күрек;
37) ағаш қапшықтағы ағаш аралау;
38) арматураны кесуге арналған қайшы;
39) электр сымдарын кесуге арналған құралдар жиынтығы, оның ішінде: диэлектрлік тұтқасы бар қайшылар; диэлектрлік қолғаптар; диэлектрлік боттар; диэлектрлік кілемше;
40) құтқару арқан, ұзындығы 30 м кенеп қаптамада;
41) 3 дана жылу шағылыстыратын костюм;
42) 4 жұп мөлшерінде резеңке етік;
43) 5 дана электр жеке фонарь;
44) 1 дана электр топтық фонарь;
45) 1 жиынтық мөлшеріндегі медициналық қобдиша;
46) ОУ-5 немесе ОП-5 өрт сөндіргіші 1 дана;
47) 1 дана мөлшерінде совок күрегі;
48) автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған құралдар жиынтығы 1 жиынтық; 49) 1 дана автомобиль радиостанциясы;
50) 4 дана портативті радиостанция;
51) 1 дана мөлшерінде сигнал-дауыс зорайтқыш құрылғы;
52) 1 дана мөлшерінде 5 тен 10 тоннаға дейінгі ұяшық.

3.

Меншік құқығында не өзге де заңды құқықта жұмыскерлерді, өрт-құтқару техникасын, жабдықтар мен жабдықтарды орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жайдың болуы

4.

Кезекші ауысымда әрбір негізгі өрт сөндіру автокөлігіне жүргізушіні қоса алғанда, 4 қызметкер есебінен штаттық қызметкерлердің кемінде 16 адам болуы

5.

Шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру аппараттарының немесе бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт сөндіру бекетінің бастығы мен оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, басқарма аппараттарының немесе өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
3) қарауыл бастығы (ауысым бастығы) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы оқудан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар;
5) бөлімше командирі үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
6) аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі;
7) өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі (аға жүргізушісі) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі, осы санат бойынша автомобиль жүргізудің кемінде 1 жыл тәжірибесі бар; 8) радиотелефонист (байланыс пунктінің диспетчері) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі.

6.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір қызметкеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жабдықтың болуы:
1) өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі;
2) жүннен жасалған подшлемник;
3) қорғаныш түсті кесілген жемпір;
4) крагы бар брезент қолғаптары;
5) жүннен жасалған қолғаптар;
6) карабині бар құтқару өрт сөндіруші белдігі;
7) өрт сөндіру шлемі (дулыға);
8) өрт сөндірушінің етігі;
9) өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қапшық;
10) резеңке етік.

2018 жылғы 31 шілдеден кейін белгіленген рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған көшпелі өрт техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет

7.

Меншік құқығында не лизинг алушы ретінде лизинг арқылы сатып алынған, көлік құралын тіркеу туралы куәліктермен расталған кемінде екі өрт сөндіру автокөлігінің болуы

8.

Өрт техникасында өрт-техникалық жабдықтар мен жабдықтардың болуы:
1) сорғыш жең, ұзындығы 4 м диаметрі 125 мм 2 дана;
2) сорғыш жең, ұзындығы 4 м диаметрі 75 мм 2 дана;
3) гидранттан жұмыс істеуге арналған, ұзындығы 4-5 м диаметрі 77 мм 2 дана мөлшерінде қысымды жең;
4) ұзындығы 20 м диаметрі 77 мм 6 дана қысымды жең;
5) ұзындығы 20 м диаметрі 66 мм 10 дана қысымды жең;
6) ұзындығы 20 м диаметрі 51 мм 6 дана қысымды жең;
7) сорғыш жең, ұзындығы 4 м диаметрі 30 мм 1 дана;
8) СВ-125 сорғыш жеңге арналған тор, ұзындығы 12 м арқанмен 1 дана;
9) 2 дана мөлшерінде 3 жақты РТ-70 (РТ-80) тармақталуы;
10) 1 дана мөлшерінде тығындары бар ӘК-125 жеңді су жинағыш;
11) 1 дана мөлшерінде гидранттарды ашуға арналған соңғы кілт;
12) газ-түтіннен қорғау қызметінің бағыттаушы тросы 1 дана;
13) 66x51 қосқыш өтпелі басы 2 дана;
14) 77x51 қосқыш өтпелі басы 2 дана;
15) 77x66 қосқыш өтпелі басы 2 дана;
16) жең кідірісі 4 дана;
17) қапсырмалар саны 4 дана;
18) өрт сөндіру бағанасы 1 дана;
19) 2 дана мөлшерінде К-150 сорғыш жеңдерін қосуға арналған кілттер;
20) 2 дана мөлшерінде К-80 қысым жеңдерін қосуға арналған кілттер;
21) 1 дана мөлшерінде гидрант қақпақтарын ашуға арналған кілт;
22) Г-600 гидроэлеваторы 1 дана;
23) РСК-50 оқпаны 4 дана;
24) РСА магистралі 2 дана;
25) МС-70 оқпаны 2 дана;
26) 2 дана ауа көбікті СВП-4 оқпаны;
27) 1 дана мөлшерінде тасымалданатын лафеттік оқпан;
28) ГПС-600 орташа еселігі көбік генераторы 2 дана;
29) үш тізелі баспалдақ саны 1 дана;
30) шабуыл сатысы 1 дана;
31) баспалдақ-таяқша саны 1 дана;
32) ұзындығы 2,5 м металл Багор 1 дана мөлшерінде;
33) әмбебап сынықтар 1 дана мөлшерінде;
34) 1 дана мөлшерінде ұсталық балға;
35) ұста балтасы 1 дана;
36) 1 дана мөлшерінде шанышқы күрек;
37) ағаш қапшықтағы ағаш аралау;
38) арматураны кесуге арналған қайшы;
39) электр сымдарын кесуге арналған құралдар жиынтығы, оның ішінде: диэлектрлік тұтқасы бар қайшылар; диэлектрлік қолғаптар; диэлектрлік боттар; диэлектрлік кілемше;
40) құтқару арқан, ұзындығы 30 м кенеп қаптамада;
41) 3 дана жылу шағылыстыратын костюм;
42) 4 жұп мөлшерінде резеңке етік;
43) 5 дана электр жеке фонарь;
44) 1 дана электр топтық фонарь;
45) 1 жиынтық мөлшеріндегі медициналық қобдиша;
46) ОУ-5 немесе ОП-5 өрт сөндіргіші 1 дана;
47) 1 дана мөлшерінде совок күрегі;
48) автомобильге техникалық қызмет көрсетуге арналған құралдар жиынтығы 1 жиынтық;
49) 1 дана автомобиль радиостанциясы;
50) 4 дана портативті радиостанция;
51) 1 дана мөлшерінде сигнал-дауыс зорайтқыш құрылғы;
52) 1 дана мөлшерінде 5 тен 10 тоннаға дейінгі ұяшық.

9.

Меншік құқығында не өзге де заңды құқықта жұмыскерлерді, өрт-құтқару техникасын, жабдықтар мен жабдықтарды орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жайдың болуы

10.

Штаттық қызметкерлердің болуы 17 адамнан кем емес, 1 бөлімше бастығы есебінен, кезекші ауысымда әрбір негізгі өрт сөндіру автокөлігіне жүргізушіні қоса алғанда 4 қызметкер

11.

Шығатын техникасы бар кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) қызмет (жасақ) бастығы және оның орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы және оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру аппараттарының немесе бөлімшелерінің басшы лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт сөндіру бекетінің бастығы мен оның орынбасары үшін растаушы құжаттардың болуы – өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары техникалық білім немесе орта техникалық білім, басқарма аппараттарының немесе өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
3) қарауыл бастығы (ауысым бастығы) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы оқудан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі лауазымдарда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
4) газ-түтіннен қорғау қызметінің шебері үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі және сығылған ауадағы аппараттарда жұмыс істеуге рұқсаты бар;
5) бөлімше командирі үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
6) аға өрт сөндіруші, өрт сөндіруші үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі;
7) өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі (аға жүргізушісі) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі, "С" санатындағы жүргізуші куәлігі, осы санат бойынша автомобиль жүргізудің кемінде 1 жыл тәжірибесі бар;
8) радиотелефонист (байланыс пунктінің диспетчері) үшін растаушы құжаттардың болуы – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өтуі.

12.

Кәсіби өртке қарсы қызметтің бір қызметкеріне арнайы киім-кешек пен өртке қарсы жабдықтың болуы:
1) өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі;
2) жүннен жасалған подшлемник;
3) қорғаныш түсті кесілген жемпір;
4) крагы бар брезент қолғаптары;
5) жүннен жасалған қолғаптар;
6) карабині бар құтқару өрт сөндіруші белдігі;
7) өрт сөндіру шлемі (дулыға);
8) өрт сөндірушінің етігі;
9) өрт сөндірушінің балтасына арналған белдік қапшық;
10) резеңке етік.

2018 жылғы 31 шілдеге дейін қолданыста болған рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған, жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет

13.

Штаттық қызметкерлердің болуы 8 адамнан кем емес, кезекші ауысымда 2 қызметкер есебінен

14.

Жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) өрт профилактикасының аға нұсқаушысы үшін – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт профилактикасы нұсқаушысы үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен.

2018 жылғы 31 шілдеден кейін белгіленген рұқсат беру талаптары бойынша аттестатталған, жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет

15.

Штаттық қызметкерлердің болуы кемінде 9 адам, 1 пост бастығы және кезекші ауысымда 2 қызметкер есебінен

16.

Жолға шығатын техникасы жоқ кәсіби өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің біліктілігі:
1) өрт профилактикасының аға нұсқаушысы үшін – орта техникалық білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде лауазымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
2) өрт профилактикасы нұсқаушысы үшін – орта білім, өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында арнайы даярлықтан өткен.

      Лауазымды адам (-дар) _____________ _______________

      Лауазымы (қолы)

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің басшысы __________ ______

      Лауазымы (қолы)

      ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады